Перзентханада ауысып кеткен баласын оңай тауып алған ана
Америкада екі әйел бір мезгіл және бір уақытта босанады.
Бірі ұл, ал екіншісі қыз босанады.
Бірақ, медбикелер екі нәрестені ауыстырып алады да екі әйелдің арасында "ұлды мен тудым" деген тартыс пайда болады. ДНК сараптамасы бір-біріне қатты ұқсас болғандықтан, ол да проблеманы шеше алмайды.
Дәрігерлер шығар жол таба алмай, жоғары орындағылармен байланысуға тура келеді. Ал, олар өз кезектерінде бұл проблеманы тек мұсылмандар ғана шеше алады деп, Сауд Аравиясындағы бір мұсылман ғалымымен байланысады.
Әңгіме одан ары қарай былай өрбиді:
Американдық:
-Сіз өз діндеріңізден барлық сұрақтар мен проблемаларға жауап пен шешімі табылатынына сенімдісіз ғой?
Мұсылман ғалымы:
-Иә, дәл солай.
Сол кезде Американдық оған өздерінің шеше алмай жатқан проблемалары жайында айтып береді.
Оған ғалымның берген жауабы:
-Бұл проблеманың шешімі өте қарапайым. Екі ананың да сүттерін алып тексеруден өткізіңдер. Қайсысында қоректік заттар мол болса,сол ұлдың туған анасы болады.
Дәрігерлер дәл солай жасады. Екі анадан да сараптама үшін сүт алынып, сол арқылы ұлды қайсы әйел босанғанын дәл анықтайды.
Бұндай нәтижеге таң қалған Америкалық дәрігер, мұсылман ғалымнан:
-Сіз ұлдың анасының сүтінде қоректік заттардың мол болатынын қайдан білдіңіз?-деп сұрайды.
Оған ғалым былай деп жауап береді:
-Бұған жауап Құранда бар. "Алла алдын ала балаларыңызға сыбаға бөліп қояды. Бір ұл балаға, екі қыз баланың қорегіндей қорек бұйырады".
(Ниса; 11 аят;)
Былайша айтқанда, еркекке әйелге қарағанда көбірек тамақ беріледі.
Шын мәнінде Алла ұлық!
Алладан басқа Тәңір жоқ,
Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Оның елшісі.