«Мұндай үкімге келіспеймін»: Жанболат Мамай
03-03-2023
Хазірет Омар бірде қаланың түнгі тыныс-тіршілігін білу мақсатында өзімен бірге Абдуллаһ ибн Мәсғудты ертіп, сыртқа шыққан болатын. Түннің бір уағы болса да, олар алыстан бір жарық көреді. Сол жарықты бетке алып, жүре-жүре бір үйге де жетеді.
Үйдің ішінен шыққан күңгірлеген үнге еріксіз елеңдейді. Хазіреті Омар мен Абдуллаһ ибн Мәсғуд беймезгіл уақытта үйге кіріп келіп, қолына шарап ұстаған қария мен ән салған күңнің үстінен түседі. Хазірет Омар қарт адамға:
-«Бұған дейін сен сияқты бір аяғы көрде, бір аяғы төрде тұрған адамнан мынадай сұрқиялықты күтпеген едім», – дейді шарт кетіп. Қария басын көтеріп:
-«Иә, ей, Мүміндердің Әміршісі! Дұрыс айтасың, бірақ сенің істегенің менікінен де сорақы болды! Тың тыңдап, аңдуға тыйым салынса да, сен мені аңдыдың және үйіме рұқсатсыз кірдің», – деді амалсыз. Хазіреті Омар: «Дұрыс айтасың», – деп жауап берді де, жанарына жас толып, өкініштен жеңін тістелеген күйі үйден апас-қапас шығып кетті.
Жолда кетіп бара жатып өз-өзіне: «Егер де Раббым кешірмесе, Омардың күні қараң! Бұл адам істеген ісін өз отбасынан да жасырып келген екен. Енді: «Бәрібір Омар мені көріп қойды», – деп, жасаған жамандығын әдетке айналды рып алады-ау. Бол бол ма, күнәға одан бетер батады», – деп, құла түзде қалғандай көңілі құлазыды. Сол қария көпке дейін хазірет Омардың жамағатына қосылмай жүрді.
Бір күні Омар (р.а.) жамағатпен бірге отырған болатын, сол кезде ол әлгі қарттың мұның көзіне түспеуге тырысып, көпшілік ішінде бой тасалағанын байқап қалды. Сөйтті де, қасындағыларға: «Ана адамды маған шақырып келіңдер», – деп бұйрық берді. Олар қартқа: «Жүр, сені Омар шақырып жатыр!» – деді. Қария хазірет Омардың алдына келе жатып, өзінің күнәсін жалпақ жұртқа жариялап, көпшіліктің көзінше масқарамды шығара ма деп сескенді. Алайда хазірет Омар: «Бері жақында!» – деді. Сөйтті де, қарттың құлағына: «Мұхаммедті хақ Пайғамбар етіп жіберген Раббыма ант етемін, мен де, Ибн Мәсғуд та сен туралы ешкімге тіс жармадық!» – деді. Қарт кісі де өз кезегінде хазірет Омардың құлағына: «Уаллаһи, мен де сол күннен бері ішімдікке жоламадым!» – деп сыбырлады. Сол кезде хазірет Омар қуанғанынан дауыстап «Аллаһу Әкбәр!» – деп тәкбір айтты. Бірақ былайғы жұрт оның неге тәкбір айтып айғайлағанын білген жоқ еді...