Шариғатқа қайшы келетін ырымдарға сенуге бола ма?

Oinet.kz 23-05-2020 861

Ең алдымен, дінде негізі жоқ, шариғатқа қайшы келетін наным-сенімдер дегеніміз қайсы? Соны ажыратып алайық. Бұндай ырымдарға:

- Құстың ұшуына қарап «жақсы болады» не «жаман болады» деп болжау;

- Картамен, құмалақпен, басқа да заттармен бал ашу;

- Бәле-жаладан қорғайды деп қасқырдың тісін, көздің суреті бар тәрелкелер мен тағаны, қызыл бұрышты ілу;

- Ақша шақырады деп тиын тістеген құрбақаны төрге қою;

- Үйден шығып кеткен соң үйде бірдеңені ұмытып кетсе де, "қайта қайтуға болмайды" деп жамандыққа жорып, үйге кірмеу;

- Сейсенбі күнін сәтсіздікпен байланыстырып, сол күні сапарға шықпау;

- «Баланы көзден, сұқтан қорғайды» деп көзмоншақ тағу және көлікке қызыл шүберек байлау;

- Үйді ұры-қарыдан қорғайды деп босағаға қойдың кәрі жілігін ілу;

- Әулиелер жатқан жер деп зиратқа түнеу, аруақтардан медет сұрау;

- Тілек тілеп, ағашқа шүберек байлау, одан жақсылық күту сынды ырымдар жатады.

Ал мұндай наным-сенімдерге неге сенуге болмайды?

«Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деген бабаларымыз бұл сұраққа әлдеқашан жауап беріп қойған. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Ғұмар Қараш 1910 жылы «Ойға келген пікірлерім» атты еңбегінде: «Қайдағы бір ескі ырымға сыйынып дін жасау - лайықсыз», - деген екен. ("Замана" жинағы, 175-б)

Жарыңды тез табуға көмектесетін дұға
Дәрет алу ережесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу