Дәрет алу ережесі
Қандай да бір құлшылық жасардың алдында немесе жай ғана дәрет алу үшін ең алдымен іштей ниет ету қажет. Ниетті жүрекпен жасаған маңызды, ал дауыстап айту дұрыс болып табылады.
Содан соң:
Әрбір істі «бісмілләмен» бастайтынымыз секілді, дәрет алуды да «бисмилләһир рахмани-р рахим» деп бастаған жөн.
Қолды үш рет саусақтардың арасын (сақина болса астына су тигізіп) білекке дейін жуу
Суды оң қолмен алып ауызды үш рет шаю (су үш рет алынады)
Оң қолмен үш рет су алып мұрынға су тартып, сол қолмен сіңбіру
Бетті, маңдай, құлақ басталған тұспен қоса иектің астына дейін үш рет жуу
Қолды үш рет шынтақпен қоса жуу (алдымен оң қол, содан соң сол қол жуылады)
Басқа мәсіх тарту. Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх тартылады.
Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тартылады.
Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.
Оң аяқтан бастап саусақтардың арасын, тобықтарды қоса жуу. Дәл осылай сол аяқ жуылады.
Қолды жуып, дәретті тәмамдаймыз.