Қабірдің жанынан өткенде бет сипау дұрыс па?

Oinet.kz 20-06-2020 1365

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті бойынша қабірге келген адам сол жерде жатқан әруақтарға Алладан кешірім тілеп, дұға етеді. Бұл – сауапты іс. Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Жәбрәйіл періште Мұхаммед Пайғамбарға «бақиғ қабіріне барып ол жердегі жатқандарға «истиғфар» (кешірім тіле) ет!» деген Құдайдың бұйрығын жеткізеді. 

Без названия.jpg

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл айтқан қабірге келіп, қолын көтеріп дұға етеді.  Үйге оралысымен Айша анамыз:«(Қабірдегілерге)Не дейін?», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «(Қабірге барғанда) былай де: «Уа мүмин, мұсылман қабір иелері! Алла Тағала біздің өлілерімізге де, тірілерімізге де рақым етсін. Алла қалаған күні біз де сендердің қатарларыңа қосыламыз» – деп жауап берді.

Қазақтардың қабір қасынан өтіп бара жатып бет сипауы Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы сүннетінен шыққан дүние. Алайда, тек бет сипап қана қоймай сол жерде жатқандарға іштей Алладан рахым тілеген дұрыс. Сонда сіздің әрекетіңіз құр бет сипағандық емес, Пайғамбарымыздың сүннетін орындағандық болмақ.

Құранда айтылған 5 түрлі жүректер
Жұма күні не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу