Садақа берудің 10 пайдасы: «Бесеуі осы дүниеде, бесеуі о дүниеде»

Oinet.kz 24-06-2020 1908

Ғұлама, фақиһ Әбу Ләйс әс-Самарқанди (м 911- 985 ж.) былай дейді: Аз болсын, көп болсын садақа беріп жүр. Шынында садақаның он пайдасы бар: Бесеyi oсы дүниеде, бесеyі о дүниеде. 

image.png

Бұл дүниедегі бес пайдасын айтар болсам: 

1) Мал-дүниесі тазарады. 

Пайғамбарымыз да (с.а.у.) айтқандай: «Назар аударыңдар! Сөзсіз сауда-саттыққа боссөзділік, орынсыз ант ішу және жалған сөз араласады. Сондықтан оны садақамен тазартып отырыңдар», - деген. 

2) Бойы күнәдан тазарады

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олардың мал-дүниелерінен садақа (зекет) алып тұр, ол оларды (күнәдан) тазартып, береке дарытсын». («Тәубе» сүресі, 103 аят). 

3) Бәле-жаладан, ауру-сырқаудан аман болады. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Сырқаттықтарыңды садақамен емдеңдер!». 

4) Кедей-кепшіктерге, пакыр-міскіндерге қуаныш сыйлайды. 

Мүмін-мұсылман үшін ең абзал іс - адамдарға қуаныш сыйлау. 

5) Мал-дүниесіне береке кіріп, ризық- несібесін кеңейтеді. 

Құранда: «Алла үшін не жұмсасандар, Ол оның есесін береді», - деген. («Сәбә» сүресі, 39 аят). 

О дүниедегі бес пайдасы:

1) (Махшардағы) қатты ыстықта сая болады. 

2) Есеп-қисабы жеңіл болады. 

3) Амал таразысының жақсылық тарапы ауыр басатын болады. 

4) Сырат көпірінен тез өтеді. 

5) Пейіштегі мәртебесі артады

дереккөз: islam.kz

Бай болудың 10 құпиясы
Құранда айтылған 5 түрлі жүректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу