МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Әмр ибн Қайис бір сөзінде: «Алланың кітабындағы мына үш аятты оқып, Алладан өзгеге мұқтаж болудан қайттым.
Оның біріншісі:
- «Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны Өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші»
(«Әнғам» сүресі, 17-аят).
Осы аятты оқып, Алла маған зиян келтіргісі келсе, ешкім мені одан құтқара алмасына, ал енді бір игілік беруді қаласа, ешкім менен оны тартып ала алмасына көзім жетті.
-⠀«Енді Мені еске алыңдар! Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар!»
(«Бақара сүресі, 152-аят).
Осы аятты оқып, мен басқасын тастап, тек Раббымды еске ала бастадым.
-⠀«Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі - Аллаға ғана тән. Ол олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта»
(«Худ» сүресі, 6-аят)
Бұл аяттан соң менің ризығым өзімнен басқа ешкімге бұйырмайтынына көзім жетті де, Аллаға бұрынғыдан да сеніп, тәуекел ете бастадым», - деген екен.