Алла жақсы көретін екі мінез
Алла жақсы көретін екі мінез! «Маған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): «Расында сенде Алла Тағала оларды жақсы көретін екі түрлі мінез-құлық бар»-деп айтты. Сонда мен оған: «Олар нелер?»- деп сұрадым дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын):«Олар ұстамдылық (надандыққа, әдепсіздікке) және асығыстық танытпау (бір іске қатысты үкім шығаруда)»-деді. Мен:«Олар бұрыннан бар ма, әлде жаңадан ба?»- деп айттым дейді. Яғни: Алла Тағала мені әуелден осы екі мінезбен жаратты ма, әлде мен өзім оларға үйрендім бе?-дегені. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) ол кісінің сұрағына: «Олар бұрыннан бар»-деп жауап береді. Сонда әлгі сахаба қуанғанынан: «Мені өзі жақсы көретін құлықтарға жаратқан Аллаға мадақтар болсын!»-дедім" деп баяндайды əл-Ашажжи əл-Асри (имам Ахмад жəне Нəсаи жеткізеді).