Баланы барлық жамандықтан сақтайтын дұға
Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:
Ибн Аббастан (р.а). Ол: «Пайғамбар (с.а.с) Хасан мен Хусейнді пана сұратып:
«Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын:
«Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ» деп айтатын»,-деген. (Бұхари).
ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ:
"Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын”
Әрбір ана үшін бала - көзінің нұры, жанының бір бөлшегі!
Балаларымыз аман, дені сау, зейінді, болашағы жарқын, салихалы ұрпақ болсын!
Алла әрқашан жүрегіміздің бір бөлшегі болған балаларымызды барлық бәле-жаладан сақтап, Өзінің Рахымы мен Мейіріміне бөлесін!