Түсіңізде жаман нәрсе көрсеңіз...

Oinet.kz 27-04-2020 2144

Жаман түс көргенде төрт нәрсе жасау қажет:

Что делать, если приснился плохой сон, советы экспертов

1) Шайтанның және көрген нәрсесінің жаманшылығынан Аллаға сыйынып дұға жасау керек;

2) Сол жағына үш рет түкіру (сүф-сүф деп айту);

3) Жатқан жанбасынан ауысып екіншісімен жату;

  • Ешкімге айтпау.

Осы нәрселерді жасаса, Пайғамбарымыз айтқандай, оған еш зиян тимейді.

Ал кім түсінде Алла Тағаланы кейіпсіз көрсе немесе Пайғамбарымызды көрсе ол хақ. Хадисте: «Кім мені түсінде көрсе, ол хақ, шайтан менің бейнемде келмейді».

Түсті жорытуда өте сақ болу қажет. Хадисте:   «Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын».

Кей адамдар көрмеген нәрсесін көрдім деп әр-түрлі мақсатта өтірік айтады. Пайғамбарымыз мұндайдан өте сақтандырған: «Өтіріктің ең жаманы – екі көзі көрмегенді көрдім деу».

Ал жорушы адам түсті көрген адамнан естігені жақсы, егер ұнатпайтын түс болса немесе толық білмесе, «саған жақсылық», «дұшпаныңа жамандық» деп қана айтуы керек.

Түсті көрген мезетте жорытқан жақсырақ.

Түсті білетін ізгі адамдарға жорытылады, бақсы-балгерге жорытылмайды.

Бұрында болған әңгіме дейді: «Кезінде үлкен қария түс жорумен танылып, жан-жақтан адамдар іздеп келеді екен, бірде бір келіншек келесі ауылдан іздеп келсе, әкесінің сапар шегіп кеткенін қызы хабарлайды, сосын келіншектен жөнін сұрайды.

«Мен түсімде омырауымды екі қасқыр жеп жатқанын көрдім», - деп түсін айтады. Сонда сауатсыз қызы:

«Ой-бай, сізді қасқыр жейді екен ендеше», - деп жориды. Әкесі қайтқан соң, оқиғаның мән-жайын айтқанда: «Тентек неме, егіз ұл босанатын келіншекті қасқырға жем қылыпсың ғой!», - деп қызына зекіп жіберіпті. Арада уақыт өтіп келіншекті қасқыр талағаны жайында хабар жеткен екен.

Адам түс көріп уайымдай бермесін деп қазақ мынадай мәтел айтқан: «Түс түлкінің боғы». Сондықтан әр қашан Аллаға сиынып, өзінен амандық тілейік.

Рамазан айында қалай шөлдемеуге болады? Ғалымдар кеңесі...
Мұсылман әйелдің бір күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу