Қиямет күні үмбеттің 12 топ болып тірілуі
Аса қамқоршы ерекше мейрімді Алламның атымен бастаймын.
Ақиқатында Алламнан басқа тəңір жоқ,Мухаммед(оған Алламның игілігі мен сəлемі болсын)оның елшісі жане соңғы Пайғамбар.Муғаз ибн Жабал былай дегені айтылады: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Нәбә сүресінің 18 – аятында айтылған: «Сүр үлеген күні топ – топ болып келесіңдер»- дегеннің анықтау мағнасын сұрадым. Расулулла (с.ғ.с.) жылай бастады, жылағаны соншалық, көздерінен аққан жасынан киімі су болды. Сосын былай деді: Менен үлкен нәрсе туралы сұрадың! Үмбетім Маһшар майданында 12 топқа бөлініп келеді.
1 – топ: Қабірден қолсыз, аяқсыз боп түрегеледі. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: Бұлар көршілерімен жақсы тұрмай, оларға азап бергендер. Баратын жері тозақ оты. Өйткені Алла Тағала Ниса сүресінің 38 ші аятында ескерткен: «Жақын көршіге, ұзақ көршіге жақсылық етеу керек.»
2-топ: Бұл топтағылар қабірден доңыз түрінде түрегеліп, маһшар майданына барады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «бұлар намазға мән бермеген кісілер» Алла Тағала бұл туралы Мауун сүресінің 4-5 аятында ескерткен: «Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш. Олар намаздарын немқұрайлы оқиды.»
3 – топ: Бұл топтағылар Маһшар майданына бара жатқанда қампиған таудай қарындары әрқайсысы есектін үлкендігіндей жылан мен шаянга толы болады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады:Бұлар зекетін бермегендер.Жазалары да осы.Баратын жері де-тозақтың оты. Бұлар жөнінде Ұлы Аллаһу Тағала «Тәубе» сүресінің 34-аятында былай ескерткен: «Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның дәмін татыңдар» делінеді.
4—топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен түтегеліп Маһшар майданында бара жатқан кезде ауыздарынан қан ағады.Рахман тарапынан оларды былай танытады:-«Бұлар сауда-саттықта өтірік айтқандар.Берген серті мен анттарын арзымайтын нәрсеге сатып жіберетіндер.Баратын жері тозақтың оты. Алла Тағала Әл-Имран сүресінің 77-ші аятында ескерткен: «Негізінен сондай Аллаға берген серттері мен анттарын аз ақшаға(дүниеге) айырбастағандар, міне, солардың ақыретте бір сыбағасы жоқ.Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да, оларға қарамайды, Әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ, олар үшін күйдіруші азап бар».
5-ТОП:Бұл топқа кіргендер қабірден тұрып, Маһшар майданына бара жатқан кезде әр тарапынан жаман бір иіс жайылып,адамдар арасынан өлік иісінен де жаман бір иіс шығады.Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады:-Бұлар істеген күнәларын адамдардан қорқып құпия ұстады.Бірақ Аллаһтан қорықпады. Міне, баратын жерлері тозақтың оты. Алла Тағала бұл жөнінде «Ниса» сүресінің 108-ші аятында былай деді:«Олар адамнан құпия ұстаса да, Алладан жасыра алмайды. Олар түнделетіп разы болмайтын іс қылғанда Алла олармен бірге еді. Алла олардың не істегендерін бұлжытпай біледі».
6-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрған кезде мойындары кесілген түрде Маһшар майданына барады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: -«Бұлар жалған куәлік еткендер.Міне, жазалары. Баратын жерлері де тозақтың оты.Ұлы Алла Тағала жақсы құлдардың сипатын айтқанда.Фурқан сүресінің 72-ші-аятында былай деді: Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе маңғазданып өтеді».
7-топ:Бұл топқа кіргендер қабірден түрегелген де тілсіз болып түрегеледі.Аузынан қанды құсық шығады.Рахман тарапынан бір дауыс бұларды былай танытады:-«Бұлар біліп,көргендері жайлы куәлік етпегендер.Міне,жазалары.Баратын жерлері де тозақтың оты».Ұлы Алла Тағала Бақара сүресінің 283-ші аятында ескерткен: «Куә болуды құпия ұстамаңдар.Әркім куә болуды құпия ұстаса күнәһар жүректі»
8-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен түрегеліп бастары жерге түсіп,аяқтары бастарының үстіне шыққан жағдайда Маһшар майданына барады.Рахман тарапынан бір дауыс бұларды былай танытады:-«Бұлар зина еткендер. Зина етіп, тәубе етпестен өліп кеткендер. Жазасы тозақтың оты»
Алла Тағала « Исра» сүресінің 32-ші аятында былай ескетрткен: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені ол анық арсыздық және жаман жол».
9-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрып, Маһшар майданына бара жатқанда жүздері қара,көздері көк,қарындары шоққа толы болады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады:-«Бұлар хақсыз жерде жетім малын жегендер».
Ұлы Алла Тағала бұлардың жағдайын «Ниса»сүресінің 10-шы аятында былай айтқан: «Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер,о лар қарындарын отпен толтырған болады.Жақында жалындап тұрған отпен қауышатындар».
10-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрып Маһшар майданына бара жатқанда алапес күйде безгек ұстап барады.Рахман тарапынан бір дауыс оларды бұлай танытады:-«Бұлар әке-шешесіне қарсы келгендер».Ұлы Аллаһу субһанә Тағала Ниса сүресінің 23-ші аятында былай деді: «Әке шешеге жақсылық етіңіз»
11-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрып. Маһшар майданына бара жатқанда жүрек көздері мен бас көздері соқыр,тістері сиырдың мүйізіндей,еріндері төсіне түсіп салпылдап,тілдері салақтап,қарны мен аяқтарына дейін жетіп тұрады. Сондай –ақ,бұлардың үстінен жаман бір иіс шыға.Рахман тарапына бір дауыс оларды былай танытады:—«Бұлар арақ-шарап ішімдік ішкендер».Алла Тағала Маида сүресінің 90-шы аятында былай бұйырған:
«Әй, мүминдер!Арақ-шарап,құмар тігілген тастар,пұттар және бал ашатын оқтарлас шайтанның істерінен,сақтаныңдар!Құтыларсыңдар!».
12 – топ: Бұл топтағылар қабірден түрегелгенде жүздері айдай жарқырап,сират көпірінен найзағайдай жарқ етіп кетеді.Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай таныды:-«Бұлар жақсы амалдар істеп,жамандықтан сақтанғандар.Бес уақыт намаздарын үзбей мезгілінде оқығандар.Істеген кунәларына кешірім тілеп, тәубеға келіп өлгендер.Бұлардың сыйлықтары жәннат,мағфират,рахет,және ридуаннан құрмет(яғни жәннаттағы періштелерден құрмет.)
Ұлы Алла Тағала бұлар туралы Фұсситал сүресінің30-шы аятында былай бұйырды:
-«Расында Раббымыз Алла» деп сертіне мықты тұрғандар,оларға періштелер түседі де «Қорықпаңдар,ренжімеңдер! Сіздерге уәде етілген жәннат арқылы қуанышқа бөленіңдер»дейді.