Туыс туралы мақал-мәтелдер
Бір ауылда мың туысқан болғанша,
Әр ауылда бір туысқан болсын.
Қан туысынан жан туысы артық.
Ырыс қашса да, туыс қашпайды.
Мал қонысын іздейді,
Ер туысын іздейді.
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Ай көрмесең, туысың жат,
Жыл көрмесең, досың жат.
Бірге туғаннан ірге туған жақсы..
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын жақын.
Тумаң бар, туысқандай болмайды,
Тұрман бар, құйысқандай болмайды.