Мұсылмандық хадистер. Таңдаулы

Oinet.kz 14-12-2018 1216

«Нағыз мұқтаж – адамдарды шыр айнала қол жайып қайыр тілеген, әрі бір-екі құрма немесе бір-екі түйір дәммен қайтарылатын адам емес. Нағыз мұқтаж – шынымен жағдайы жоқ болса да, жағдайының жоқ екенін ешкім білмегендіктен садақа берілмейтін, соған қарамастан адамдарға қол жайып қайыр тілемеген жан».

Screenshot_19.jpg

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Кімде-кім амалын ел-жұрт естісін, білсін деген ниетпен істесе, қиямет күні Аллаһ тағала оның (жымысқы істерін баршаға жар салып) абыройын айрандай төгеді. Сондай-ақ, кімде-кім амалын ел-жұрт көрсін, білсін деп істесе, махшарда Аллаһ тағала оның (арам пиғылы мен істерін барша жаратылысқа әшкерелеп көрсету арқылы) қарабет қылады  деп айтты»  деген.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Кімде-кім тәкаппарланып, киімін жерге сүйретіп жүретін болса, қиямет күні Аллаһ тағала оған (мейіріммен) қарамайды – деді. Сонда Әбу Бәкір: Уа, Аллаһтың елшісі! Қадағалап тұрмасам менің де киімімнің балағы жерге сүйретіліп кете береді – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) оған: Сен олай тәкаппарланып істемейсің ғой – деген.

«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Уа, Адам баласы! Eгер өзіңнен артылғанды садақаға берсең, ол сен үшін сөзсіз қайырлы болады. Ал сараңдық қылсаң, ол дүниең түбінде өзіңе сор болып жабысады. Өзіңе жететін дүние мүлікке ие болғаның үшін саған айып тағылмайды. Қолыңдағы дүние-мүлкіңді алдымен өзің асырап отырған жандардың қажетіне жұмсағын. Жоғары (береген) қол төмен (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы»– деген.

Мешіттерде басқа ағымдағылар көбеюде
Ораза айт - шүкіршілік мейрамы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу