Мешіттерде басқа ағымдағылар көбеюде

Oinet.kz 14-09-2013 985

Шыны керек, Рахым Тәңірбергенов ОҚО мәслихатындағы ең белсенді депутаттың бірі. Әлдебіреулер сияқты «нем кеттілікке» салынып, үндемей жүргенді ұнатпайды. Бетің бар, жүзің бар демей сойып салатын ерлігі бар. Тіпті, сүйсініп қаласың. Бірақ кейде Рахаңның атқан «оқтары» нысана дөп тимей, сәл-пәл қиыс кетіп қалатыны да бар.  Иә, иә, кейде-кейде ғана... Мәслихаттың соңғы сессиясында Р.Тәңірбергенов енді дінге қатысты «дүңк» еткізерлік мәлімдеме жасады.

Screenshot_13.jpg

Оның сөзіне қарағанда,  облыс орталығындағы  мешiтке жиылатын жамағаттың көпшілігі намазды толық оқымай тұрып кетеді екен. Былайша айтсақ парызды орындап   сүннетті оқымай  тастап кету белең алған.  Депутат бұған өзі куә болыпты. Біздің білуімізше, сүннет оқуға салғырт қарайтындар негізінен сақалдылар, қысқа балақтылар, дәлірегі басқа ағымның жетегіне ергендер. «Егер орталық  мешітте осындай жағдай орын алып жатса, өзгелері туралы не айтуға болады?» дейді Р.Тәңірбергенов. 

Расында орынды мәселе, орынды алаңдаушылық. Жасыратын несі  бар, Шымкентте бұған дейінгі орталық мешітті де және биыл пайдалануға берілген  қазіргі орталық мешітті де араб ағайындардың көмегімен тұрғыздық. Енді сол мешіт  басқа ағымдардың орталығына айналып жатса, оған не себеп, кінәлі кім? Осы сауалдың жауабын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігі не айтар екен деп, облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтен сұраған едік. Бас имам еңбек демалысында болып шықты. Ұялы телефон арқылы сөйлескенімізде Бейбіт қажы алдын ала әбден зерттеп, көз жеткізіп алмайынша «ана мешітте басқа ағымдар қаптап кетті» деген мағынадағы сөзді айтуға болмайтынын, мұндай пікірмен келіспейтінін, қарсы екенін жеткізіп, сөзді қысқа қайырды. Сонда қалай? Бұған дейін тақырыбын айқайлатып қойып жазғандағыдай «депутат Тәңірбергенов «тәспісінен жаңылып» тағы жаза басып,  бос байбаламмен жаңылып сөйлегені ме дегенбіз, әуелгіде. Сөйтсек, сұрастырып көргеніміздей бүгінде облысымыздың орталық мешітінде ғана емес, өзге Алланың үйлерінде де намаз кезінде тек парызды оқып сүннетті орындамайтындар, яғни адасушылықпен басқа ағымның жетегінде жүргендер жетіп, артылатынын талай адам тілге тиек етті. Ендеше, депутат Рахым Тәңірбергенов «тәспісінен жаңылған» жоқ. Байқағанымыз, депутат Тәңірбергенов шырылдап айтқандай өңіріміздегі мешіттерде басқа ағымдағылардың көбейіп келе жатқаны бас имам Бейбіт қажы Мырзагелдиевті айтарлықтай алаңдатпайтын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз, жамағат? 

Жүкті әйел оқуы тиіс дұғалар
Мұсылмандық хадистер. Таңдаулы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу