Құранның жүрегі болған сүре
Ясин сүресі – мұсылмандардың ең көп оқитын және басқа сүрелерге қарағанда көбірек таңдайтын сүрелерінің бірі болып табылады.
Ясин – Құран Кәрімдегі отыз алтыншы сүре және оның атауы бірінші аяттағы “иа” және “син” әріптеріне байланысты берілген.
Оны араб тілінде «әл-хуруф әл-муқаттаға» деп атайды. Оның нақты мағынасын бір Алла ғана біледі. «Йа-син» сүресі – мұсылмандар арасында ең танымалы және діни рәсімдерде көп оқылатын сүре.
Сексен үш аяттан тұратын Ясин сүресі негізінен Мекке қаласында, кейбір сүрелері Медине де түсірілген.
Ардақты пайғамбар Ясин сүресінің қасиеттері туралы: «Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі, кімде кім Ясинді оқыса Құранды он мәрте оқығандай сауап жазылады» және «Ясин Құранның жүрегі. Алла Тағаланың рахметінен, ақырет күнінің жақсылығынан үміттене отырып, Ясин оқыған адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді. Қайтыс болған адамдарың үшін Ясин сүресін оқыңыздар» деп бұйырған.
Фатиха сүресі Құранның өзегі болғандықтан оған «Уммул Китап – Кітаптың анасы» деген атау берілсе, Ясин сүресіне де тоқыраудан құтқарып, рухқа ықпал жасап денедегі жанды белсендіретіне байланысты «Құранның жүрегі» деп аталады. Ясин сүресін пайдалары:
1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.
2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.
3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.
4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.
5) Мұқтаждар жәрдемші табады.
6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді. «Иә-Сиин» — қиямет күні шөлден құтқарады.
7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.
8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.
9) Киімі болмаған адам киім табады.
10) Жоғалған нәрсе табылады. Жүрек дененің әміршісі болса, Ясин сүресі де Құран сүрелерінің әміршісі болып саналады.
дереккөз: kazislam