Чевапчичи
09-09-2020
Қажетті заттар:
Қамыр үшін:
- 1 құты қойытылған сүт
- 2 жұмыртқа
- 1 стақан ұн
- 1 шәй қасық уксуспен ашыған сода
- 3 ас қасық какао
Крем үшін:
- 2 стақан сүт
- 1 жұмыртқа
- 4 ас қасық ұн
- 1,5 стақан қант
- 4 ас қасық какао
- 250 гр сары май
1. Бір ыдысқа қойтылған сүтті құйып, жұмыртқа мен соданы қосамыз. Араластырып, оған какаомен араласқан ұнды қосып, тағы да біркелкі қамыр болғанға дейін араластырамыз.
2. Дайын қамырды екі бөлікке бөлеміз. Майланған формаға құйып, 180 градуста шамамен жарты сағаттай пісіреміз. Екіншісін де солай жасаймыз. Какао тортқа қоңырқай түс береді. Сондықтан күйіп кетпеуің қадағалауымыз керек.
3. Крем дайындаймыз. Бір стақан сүтке ұн, қант және жұмыртқаны қосып, миксермен жақсылап шайқаймыз. Сосын шыққан қоспаны қалған бір стақан сүтке еппен қосып, отқа қоямыз. Баяу отта бір бұрқ деп қайнағанға дейін ұстаймыз. Оттан алып, суытамыз. Сосын какао мен жұмсақ сары майды қосып, тағы да миксермен шайқаймыз.
4. Торт күлшелерін креммен жағып, бірнеше сағатқа тоназытқышқа салып қоямыз.
Торт дайын!
Асыңыз дәмді болсын!