Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 02-11-2020 1573

Желтоқсан айындағы жұлдыз жорамал: Қашан өткенмен қош айтысып, ескіден  біржола құтылған абзал - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

♈ Тоқты. 

 Махаббатқа адал, сүйсе, жүрегімен сүйеді. Жай адамдармен араласпайды. Иә ,тоқтылар өте ерекше жандар. Сіздердің бойларыңызда ақылдылық, мейірімділік, тәрбиелік, үлкенге құрмет, кішіге ізет дегендер жетерлі. Сіз ғажап жансыз. Сізбен араласпай жүрген басқаша ойлап жүрген адамдар сіздермен міндетті түрде дос болуға асығатын болады.

♉ Торпақ. 

Достарыңыздан хабар күтіңіз.Жақсы жаңалық болуы мүмкін. Сіз бақытты жансыз.. Шешім қабылдағанда абай болыңыз. Асықпай, ойланып кейін барып шешім қабылдаңыз. Бұл күн сіз үшін жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Достарыңызбенде саяхатқа шығып кетуіңізде ғажап емес.

♊ Егіздер. 

Қуануға себеп бар. Сүйгеніңізбен бірге боласыз. Ренжітіп алмауға тырысыңыз. Қазіргі уақытта көп жұптар сіздер сияқты тату тәтті емес. Көбісі тез қосылып, тез ажырасып жатады. Сіздер өте керемет жұпсыздар. Бәрі сіздерге қызғана қарайды. Бірақ қазіргі уақытта махаббатты емес, бір кез жақындарыңызды, жұмысыңызды, оқуыңызды бір кез яғни айтқанда болашағыңызды да ойлап қойғаныңыз жөн.

♋ Шаян. 

Махаббатта жолыңыз болды. Соны бағалай білсеңіз -ол сізді болашақта Бақытқа жетелейді. Махаббат пен сәттілік сізбен бірге. Қазіргі уақытта сіз көптеген жетістіктерге, биік белестерге жеттіңіз. Ол сіздің адалдығыңыздың арқасы. Осы бетіңізден таймаңыз. Өте керемет. Сіз бұл әлемдегі ең бақытты адамдардың бірісіз. Сіздей жандар қазір бұл өмірде саусақпен санарлық шығар.

♌ Арыстан. 

Күліңіз!!! Сіз БАҚЫТТЫсыз!!! Сүйгеніңізбен біргесіз. ... Эх.. қандай кереметсіз. Сүйген адамыңыз жаныңызда... ата анаңызда бар... бауырларыңызда бар... Апа қарындастарыңызда бар... Міне содан екен ғой бәрінің сізге қызығып қарайтыны. Сіз өте қамқор әрі мейірімді жансыз. Осы бетіңізден таймаңыз. Сіз ақ жолда келе жатырсыз.

♍ Бикеш. 

Сіз оған мұқтажсыз! Иә, әрине оны өліп сүйесіз! Біз білеміз! Барып сезіміңізді білдіртіңіз! Ал ол білсе, қайта қайта сүйетініңізді ескертіп жүріңіз!

♎ Таразы. 

Басыңызды тік ұстаңыз. Тек АЛҒА деген ұранмен жүріңіз сонда сізде бәрі болады. Махаббатта, байлықта, сыйластықта....Алға қойған мақсатыңызға жетуге талпыныңыз. Бұл өмірде тек жетістікке өз күшімен талпынып, алға қойған мақсатына жетемін деген адамдар ғана талай белесті бағындырады. Сіздің алға қойған әлі талай армандарыңыз бар.

♏ Сарышаян. 

Қарапайым болыңыз.Сонда сізде бәрі болады. Иә,иә,иә..... Қарапайымдылық адам өмірінде сирек кездесетін қасиет болып табылады. Ол сізге берілген қасиет. Сіз керемет жансыз. Бәріне қамқор, адал, мейірімді.Тек арасында тез ашуланып қалатыныңыз болмаса. Сіз басқа адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сіздей керемет адам әлі талай биіктен көрінетін болады. Сіз бір сөзбен айтқанда - ғажап жансыз!

♏ Мерген. 

Сіздің өміріңізде, сіз күні де, түні де ойлайтын адам бар. Ол адам сізге ұнау үшін не істемеді... Сіз бір сәт айналаңызға көз жүгіртіп қараңыз. Сонда ғана байқай аласыз. Кім қандай адам екені, кімнің қандай дос екенін. Сізге ғашық адамды көз қарасынан байқауға болады.

♑ Тауешкі. 

Тауешкілер көп нәрсе жетіспейді: Махаббат, мейірім, құрмет, себепсіз гүл беру керек,әсерлі сөздер және тағы басқалары. Тым көп нәрсе жетіспейді. Мүмкін... Сүйген адамы жанында болса - олардың бәрін ұмытып қуанып, бақыттан басы айналатын шығар.

♒ Суқұйғыш. 

Егер ол адам сіздің тағдырыңыз болса, ешқашан кетпейд. Ал Құдай керек емес адамдарды сізден алыстатып, болашақта жаныңыздар табыла білетін, ешқашан ренжітпейтін адамдарды қасыңызға қалдырады. Кеткен адамдарды, кетті деп қаймықпаңыз. Керісінше қуаныңыз, алда қандай достар күтіп тұр екен.

♓ Балықтар. 

Балықтар өзгереді! Сырт келбеті ғана емес, ішкі жан дүниесіде өзгереді. Оларға зиян келтірген адамдар жауапсыз қалмайды. Өмірде нені қалайтынын білмейді. Бірақ олар өзінің көз жасын жасырады, шын және өтірік күлуді үйренеді.Жан дүниесі өте таза жандар.

Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу