Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
♈ Тоқты. Бұл күн – аяқталмаған жұмыстарыңды бітіруге ыңғайлы кез. Уақытыңның көбін махаббат жайлы шығармалар , кітаптар оқуға арна. Күннің соңында жаңа заттар сатып алғың келеді. Бұл ойың да жүзеге асады.
♉ Торпақ.
Бұл күні көптен көкейіңде жүрген мақсаттарыңа қол жеткізіп, жағымды жаңалықтар естисің. Сенің еңбекқорлығыңның анық байқалар сәті. Сонымен қатар денсаулығыңа да көңіл бөлгенің жөн.
♊ Егіздер.
Алдағы демалыс күнді пайдаланып ата-анаңа көмектесесің. Күннің соңына қарай алыс туыстарыңмен қауышып қаласың. Табиғатқа шығып демалып қайтуға да болады.
♋ Шаян.
Күні бойы ойынның қызығына берілмей, бұл күнді тиімді пайдаланғаның жөн. Шығармашылықпен айналысуға қолайлы кез, әсіресе сурет салып, бейнелеу өнеріне құштарлығың артады.
♌ Арыстан.
Бұл күні өмірің түрлі жаңалықтар мен қызықтарға толы болады. Үлкен-үлкен жұмыстарды бітіресің. Достарыңның қатары жаңа есімдермен толыға түседі.
♍ Бикеш.
Күн бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүресің. Достарыңмен сыйлы қарым-қатынас орнатып, әр күнің қуанышқа толы болмақ. Жақын адамдарыңның сый-құрметіне бөленесің.
♎ Таразы.
Таразылар үшін бірқалыпты, жайлы кезең. Күннің соңына қарай күтпеген жерден жақсы жаңалық естіп, қатты қуанасың. Үйдегі үлкендермен жиі-жиі қонақта боласың.
♏ Сарышаян.
Уақытыңды бос өткізіп алмай, өзіңе пайдалы істермен шұғылданған жөн. Ескі достарыңмен кездесіп, серуенге шығасың. Қалаған затыңа қол жеткізесің.
♏ Мерген.
Жазғы демалысың ойдағыдай өтуде. Бұл күні де көптеген қызықтарға тап боласың. Ойыңдағы арманың орындалып, көңілің шаттана түспек.
♑ Тауешкі.
Бұл күні тауешкілерге шығармашылық күні болмақ. Көрген-білгендеріңді қағазға түртіп жүр. Демалыс күндерінде басыңнан қызықты оқиғалар өтуі ықтимал.Бақыттысыз.....
♒ Суқұйғыш.
Күннің басында ата-ана, бауырларыңмен тауға шығып, көңілді демалыс ұйымдастыруларың мүмкін. Көптен көрмеген ескі таныстарыңды кездестіресің.Күніңіз тамаша өтпек....
♓ Балықтар.
Бұл күнде өзіңді есейіп қалғандай сезінесің. Бауырларыңа көмегіңді тигізесің. Істеген ісіңе орай үлкендерден бата алып, көңілің марқая түспек.