Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 21-08-2020 2101

Балықтар. Жан-жағыңыздағы жандар сіздерге көп қызығады, қызғанады. Алланың көзі түзу. Сабырлы бола біліңіз.... Шешілмеген мәселелер өз шешімін табады. 

image.png

Суқұйғыш. Сіздерді сүйетін жандар өте көп. Әдемісіз, ақкөңілсіз. Барлық жандар сіздерге қызығады. Алла сіздерді адал жолдан тайдырмасын. Бақыттысыздар.

Тауешкі.  Басында жай ғаны таныс адам... Кейін дос болдыңыздар...

Қазір махаббат. Кейін үлкен бақытты отбасы болады.

Мерген. Мергендер күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Мергенен асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. 

Сарышаян. Ол көңілді, тартымды және адамдарға ақыл айтқанды жаны сүйеді. Әдемі заттарға жаны құмар, өнерге әуес және талғамы жоғары. Оның жүрегін бағындыру үшін сен сәнмен киінетін, басқалардың назарын өзіңе аудара алатын, жарқын да көрнекті болуға тиіссің. Бұл сарышаяндарға өте қатты ұнайды. 

Таразы. Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау. Біреудің өзіне қызмет еткенін қаламайды, сонымен қатар біреуге міндетті болғысы келмейді. Олар жалқауларды, кешіккенді ұнатпайды. Бірақ бақытты жандар....

Бикеш. Бикештер ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды.

Арыстан. Бұл күн қарым-қатынас құруға ең қолайлы уақыт. Егер сіздің ұнатып жүрген адамыңыз болса, онда еш қорықпастан ілгері жүріп, танысыңыз . Себебі бұл кезең барлығы өз жолымен қарқын алатын сәт. 

Шаян. Бұл күні Алғашқы махаббатын жолықтырып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ол өзгеріс тұрмысқа шығу, шетелге бару, мекен-жайын ауыстыру болуы мүмкін. Жыл бойында белсенді болып жүруіне махаббат әсер етеді. Періште қорғап, серігі табыс болады. 

Егіздер. Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген егіздер үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады. Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.

Торпақ. Жазғы демалысты пайдаланып, алдыңда тұрған біраз істерді тындырасың. Көбірек демалғандарыңыз жөн болар. Таза ауа сіздерге қолайлысы. Ата-анаңа қолғабыс болып, олардың ризашылығына бөленесің.

Тоқты. Жұлдыздардың шапағатымен бұл КҮН – саған және отбасыңа кіріс КҮНІ болмақ. Материалдық байлықпен қатар рухани байлықты да ойлайтын кез туды. Көп еңбек етсең, жемісін де жейтін сәтті кезең.

Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу