Пияздың емдік қасиеттері
Пияз иісі өткір болғанымен де, құрамында түрлі адам ағзасына қажетті дәрумендерді қамтығандықтан, кез-келген тағам құрамына енеді.
Пияздың құрамында көптеген пайдалы дәрумендер бар. Олар улы заттарды ағзадан шығарып, жағымсыз әсерлерге төтеп береді. Соңғы зерттеулер пиязды көп тұтынатын әйелдер жамбас және буын ауруларынан қорғалған екенін көрсетті. Авитаминоз және иммунитетті нығайту кезінде пияздың артықшылықтары көп. Пияз вирустар, бактериялар мен тіпті кейбір саңырауқұлақтар сияқты патогенді өлтіреді. Ол ағзаға керекті заттардың мол қоры, мысалы, С, В1 дәрумендері, каротин, сынды ағзаның иммундық жүйесін нығайтып және қабынудан қорғап, тыныс алу жолдары ауруынан қорғайды. Сұлу болудың сыры пиязда. Пиязбен денсаулықты ғана емес, сұлулықтыда сақтауға болады. Беттегі дақтар мен пигменттерді кетіру үшін бетіңізді пиязбен сүртсеңіз жеткілікті. 2 аптадан кейін олардың азайғанын байқайсыз. Пиязды тамаққа пайдалану тері жасушасының тыныс алуын жақсартады және еркін радикалдардың зиянды әсерін азайтуға көмектеседі.
Оның құрамындағы аскорбин қышқылы, йод, фитонцидтер мен кверцетин флавоноиды тері жасушаларының жасару мен қалпына келу процесстерін жылдамдатады. Пияз тұнбасын ішу арқылы сіз тұмау ауруларының алдын алып, бет теріңіздің реңкін жақсартасыз. Тұнбаны дайындау үшін 10 пияз бен бір тал сарымсақты тазалап, 1л сүт құйып, 1 сағат бойы қайнатасыз. Піскен сүтті сүзіп, суытасыз. Суыған сүтке 2 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаны тоңазытқышта қақпағы жабылған әйнек ыдыста сақтау керек.
Сығындыны аптасына 5 рет 1 ас қасықтан тамақ ішер алдында қабылдауыңыз қажет. Иммунитет үшін бұл аса пайдалы.
Пияздың өткір иісі бастың ауырғанын басады. Өйткені пияз құрамында фитонцидтер көп.