Қызыл ет ағзаны қартайтады
Қызыл етті көп тұтыну ағзаның мерзімінен бұрын биологиялық қартаюына және денсаулыққа қатысты проблемалардың туындауына әкелуі мүмкін. The Guardian басылымының хабарлауынша, Глазго университетінің ғалымдар тобы осындай тұжырым жасады.
Олар бұл әсер шошқа, бұзау немесе сиыр етін тегіс пайдаланумен байланысты олардың қан сарысуындағы фосфат деңгейінің жоғарылауынан болады деп мәлімдейді.
Зерттеу аясында олар Глазгодағы кедейлерге мониторинг жүргізді. Халықтың белгілі бір бөлігі қызыл етьі жеу салдарынан бауыр, бүйрек бұлшықеттерінен ауру байқайды, тексеру барысында олардың ағзаларының қартайғаны анықталады.
Сонымен қатар, бұдан алдыңғы зерттеулер де фосфаттың жоғары мөлшері қан тамырларының өлімі мен ерте қартаю қаупін арттыратынын көрсетті.