Франция әлемдегі нөмірі бірінші туристік ел

Oinet.kz 27-09-2019 1314

Франция! Париж, Эйфель мұнарасы, круассан, багеттер, берет киген адамдар.

БҰҰ деректері бойынша бұл елге адамдардың көпшілігі келуді армандайды. 2017 жылы Франция 86,9 миллион турист қабылдаған. Одан кейін Испания 81,8 миллион, сосын АҚШ (76,9 млн.), Қытай (60,7 млн.) және Италия (58,3 млн.) La Vie Est Belle!

Әр елдің өз стереотиптері мен дәстүрлері, менталитеті бар, бірақ Франция бұл тұрғыдан әлемнің көптеген елдерінепн асып түседі. Бұл ел бүкіл әлемде өзінің оғаш дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танымал. Дегенмен, олардың кейбіреулері халық наразылығын тудырып, кейіннен тіпті жойылып кеткен, ал басқалары мүлдем ойдан шығарылған деп есептелінеді.

Мысалы, шарап Француз мәдениеті үшін өте маңызды. Француздықтар шынымен де түскі үзілісте өте ұзақ уақытын өткізеді, дегенмен бұл олар еріншек дегенді білдірмейді.

Ұлыбританиямен қатар, Франция ең жылдам өсіп келе жатқан Еуропа елдерінің бірі. Бұл сондай-ақ жыл сайын 83 миллионнан астам туристі қабылдайтын әлемдегі ең танымал туристік ел болып есептеледі. Оңтүстіктегі Лазур жағалауынан Альп мұз шыңына және гүлденген жүзімдігі бар жасыл қыратты жерге дейін Франция жылдың кез келген уақытында баруға лайықты ел.

 

Дэйзи Эшфорд - ең жас бестселлер иесі
Франция туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу