Дэйзи Эшфорд - ең жас бестселлер иесі
Дэйзи Эшфорд ең жас жазушы деп танылған. Алайда ол өз романын 28 жасында шығарған. Сонда ол қалай болды?
Дэйзи 13 жасында «Юные посетители» кітабын жазады, алайда қыз да оның әпкелері де кітапқа мән бермейді. Ол ұмыт қалады.Тек 28 жасында өзінің ескі заттарын қарап отырып, Дейзи жазбасын кітап етіп шығаруды ойланады. Кітап басыла салысымен-ақ өте танымал болады, тіпті әлемдік бестселлерге айналады.
Дейзи кішкентайынан оқуды жақсы көрді, соның ішінде ересектерге арналған романдарды да көп оқыған. Сәбидің алғашқы әңгімесі әкесіне небәрі төрт жасында көрсетеді. Одан кейін де қысқа әңгімелер жазып жүреді. Тіпті Дэйзи кішкентайында көшеде жаңбыр жауып, сабаққа бармай, үйде отырып әңгіме жазғанды армандаған екен.