Антибиотик деген не? Ол қашан пайда болды?
Антибиотик грек тілінен аударғанда «өмірге қарсы» деген мағына береді. Әрине өмір дегені тек микроорганизмдердің өмірі болып тұр.
XIX ғасырдың соңында белсенді антибиотиктерді әзірлей және өндіре бастады. Әлемдегі ең алғашқы антибиотик сальварсан деп аталады.
Антибиотиктер адам өміріне енгелі жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Олардың арқасында пневмония, туберкулез, гангрена және басқа да инфекциялар адам үшін қауіпті болудан қалды. Бірақ тіпті ең күшті антибиотиктер барлық ауру тудыратын бактерияларды жоюға қабілетті емес екенін ескерген жөн.
Ең алғаш антибиотик қашан пайда болды?
Шотланд бактериологы Александр Флеминг зертханалық үстелдерді жинаумен онша басын қатырмайтын кісі болған. Бірде ғалым зертханасында ұзақ уақыт болмайды. Қайта оралғанында ғалым үстелі үстінен зеңді көреді. Флеминг зең орнында микробтардың болмағанын байқайды. Осылайша 1928 жылы пенициллин ойлап табылған.
Алайда пенициллин оны қабылдаған бактерияны жояды ма, не адамды ма оны біле алған жоқ.
Пенициллинді жетілдіру әрекеттері 1938 жылға дейін ұзақ және нәтижесіз болды. Сол кезде Оксфорд университетінің ғалымдары Говард Флори мен Эрнст Чейн пенициллиннің таза түрін жасап шығарды. Ол туберкулезді жеңуге жарамдыболып шықты осылай алғашқы сәтті антибиотик жасалып шықты.