«Ұрлауды суретшіден үйрен» (Steal Like an Artist )
"Данышпан болудың қажеті жоқ, өз-өзіңмен болсаң жеткілікті."
Бұл жас жазушы және суретші Остин Клеонның оқырмандарына ұсынған негізгі ойы, ол шығармашылық барлығына қол жетімді деп санайды. Әлемде бірегей ештеңе жоқ, сондықтан бөтен адамның ықпалынан бас тартпаңыз, идеяларды жинаңыз, оларды тағы да ойластырыңыз, өз жолын іздеуде жаңаша аранжаттаңыз. Шығармашылық "мен" еркіндігіне ие болыңыздар! "Ұрлықты суретшіден үйрен" (Steal Like an Artist ) - сандық дәуірдің манифесі. Бұл позитивті, ерекше безендірілген жолсілтеме, толық иллюстрациялар, жаттығулар мен мысалдар топтамасы, оның мақсаты - оқырманның өз мінез-құлқын шығармашылық жағынан байқауға көмектесу.
Өз өміріне шығармашылық негіз қалыптастырғысы келетін кез келген адам үшін бұл кітап өте жақсы бастама.
Бұл кітапты басып шығару туралы ой Остин Клеонға Нью-Йоркте университетте дәріс оқып тұрғанда келеді. Ол өзі жас суретші болған кезінде алғысы келген 10 кеңесті студенттеріне оқып береді. Кейіннен дәрістің жазбасы интернет бетіне тез таралып , халық арасында үлкен сұранысқа ие болады. Сол кезде авторға мұны кітап етіп жазып шығу ойына келеді.
Автордың ең негізгі теориясы мынадай: «Адам айтқан кез келген ақыл - өзінің өткеніне арналады»
Кітап ішіндегі құнды мәліметтер мен деректер, шығармашылық ұсыныстар тек шығармашылық жолын ұстанған адамдар үшін ғана емес, сонымен қатар тұрмыста да қолданылатын қарапайым және маңызды болып табылатын кеңестер.
Идеяны ұрлай отырып, өзіңнің дүниеңді жасап шығуға үйретеді. Қызығы да осында.