Катар елі туралы деректер
Катар - әлемнің ең бай елдерінің бірі. Жергілікті халық жұмыс істемейді, ал салықты тек жеке компаниялар төлейді.
Жиырма жыл бұрын Катарды дәл қазіргідей болып өзгереді деп ешкім ойламаса керек. Жағалау жағалай салынған жалғыз архитектуралық игілік Гранд Шератон болатын. Бүгінгі күні ол сәнді қонақ үйіне арналған.
Жансыз шөлді дала қазірде адам танымастай өзгеріп шулы мегополиске айналған. Шөл орнында қала астанасы Доха пайда болды.
Катар мемлекеті Араб түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан және үш жағынан Парсы шығанағының сулары қоршаған елі.
Оңтүстік Катар Сауд Арабиясымен және Біріккен Араб Әмірліктерімен шектеседі.
Солтүстік-батыста Бахрейн Корольдігімен теңіз шекарасы бар, ал оңтүстік-шығыста БАӘ-мен шектеседі.
Мемлекет аумағы 11 586 км2.
Катар Астанасы – Доха.
Шамамен 11,5 мың шаршы километр аумақты алатын Катарда шамамен екі миллион адам тұрады.
Катар өзінің байлығы үшін қз аумағынан табылған мұнайға қарыздар.
Жергілікті валюта Катар риалы деп аталады.
Катар аумағының басым бөлігі - бедеулік шөл. Елге тұщы су жетіспейді, сондықтан қатарлар арнайы теңіз суын тұщылайды.
Өз тарихында Катар Бахрейн, Португалия, Осман империясы және Ұлыбритания қол астында болып үлгерген.
Катар билеушісі эмир және эмирмен ешкімсөз таластырмайды. Катар - абсолютті монархияның жарқын үлгісі, яғни қазіргі таңда сирек кездесетін басқару формасы дәл осы елде.
Катардың мемлекеттік тілі — араб тілі, бірақ бұл ел халқының 40% -ы ғана арабтар болып табылады.
Бір кездері жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі - інжу өндіру болды.
Катардың азаматтығын шетелдіктер ешқандай жолмен ала алмайды.
Барлық Катар жастары кем дегенде екі тілде, араб және ағылшын тілдерінде сөйлейді.
Катардағы алкогольге ресми түрде тыйым салынған.
Катарда қоғамдық көлік жоқ, есесіне бензин өте арзан.