Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Адамның көз жасын да пайдаға жаратуға болады екен. Зерттеушілердің айтуынша екі аяқты пенденің көз жасы 99 пайыз су және бір пайыз натрий хлоридттен, яғни тұздан тұрады екен. Міне, осы формулаға сүйеніп Лондондағы ірі фирма адамның көз жасынан жасалған тұз шығаруда. Айтуларынша тұз адамның қатты қайғырған кезінде аққан жасынан жасалған екен. Офтальмологтар жасты алу үшін арнайы қағаз бен өте жіңішке пипетка қолданған. Асқа дәм беретін аталмыш тұздан лаванданың иісі шығады. Ерекше өнімді дайындаушылар аталған тұз әсіресе, қой еті мен картоптан жасалған тағамдарға керемет үйлеседі екен. Ал сіз, мұндай тұзбен ас ішуге қалайсыз?