Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Мэрилиннің бала кезін бақытты болды деп айтуға келмес. Әкесі болмаған, ал анасы ақыл–есі кемдеу, біртүрлі әйел болған. Қызына қамқорлық көрсете алмаған анасы оны кішкентайында басқа отбасының асырауына беріп жібереді. Асыранды отбасындағы кішкентай қызын анасы қызын тек ара-тұра көріп кетіп жүреді. 7 жасына келгенде Мэрилинді анасы қайта панасына алып, кейіннен тіпті қатты науқастанып, психологиялық ауытқулар болып, бір кісіге пышақ сілтеп, ақырында жындыханадан бір-ақ шығады. Кішкентай ғана Мэрилин содан бастап балалар үйінде болады. Қызды кейбіреулер асырап алып жатады, дегенмен екі рет жасы 12-ге де келмеген Мэрилинді зорламақ болады. Алғашқысында өгей әкесі, кейіннен өгей ағасы.
Өзінің 19 жасына дейін Мэрилин өзіне 2 рет қол жұмсамақ болады. Біріншісінде газға уланып өлмек болса, екіншісінде дәрі көп мөлшерде қабылдап өзіне қастандық жасағысы келеді.
Мэрилин кекештеніп сөйлеген. Алайда бұл тек 16 жасына дейін ғана жалғасты. Мэрилин бақандай 3 жыл, логопедтердің көмегінсіз, өз сырқатымен күресіп, өміріндегі алғашқы жеңісіне жетеді.
Өзін асырап алған отбасы басқа елге көшпек болып, Мэрилинді өздерімен бірге алғысы келмей, балалар үйіне өткізбек болады. Дегенмен Мэрилин қайта балалар үйіне барғысы келмей, тұрмысқа шығуға бел буады. Небәрі 16 жасында Мэрилин тұрмыс құрады.
Жұбайы Джим Догерти үйленгеннен кейінгі бір жылдан соң флотқа жұмысқа кетеді. Ал Мэрилин авиация зауыдына жұмысқа орналасады.
Сол жылы күзде Мэрилин жұмыс жасап жүрген зауытқа Америка әйелдерінің нацизммен күресін түсіру мақсатында түсірілім тобы келеді. Түсірілім тобындағы фотограф Девид Коновер Мэрилинге сағатына $5 алып, өздерінің фотомодельі болуды ұсынады. Бастапқыда жұмысымен қатар алып жүрген Мэри, кейіннен біржола сәнқойға айналады. Әскерден келген күйеуіне әйелінің жұмысы ұнамай, Мэрилинге таңдау жасауға тура келеді. Мэрилин бәрін алдын ала білгендей, ол киноға түскісі келген. Ал продюсерлер тек тұрмыс құрмаған әйелдерді құп көретінін біліп, бұл некенің тағдыры осы жерден шешіледі.
Мэрилин ешқашан хас сұлулардың қатарына жатпаған. Оның шуақ шашып тұратын күлкісінің арқасында таудай қасірет жататын.
Ол 1946 жылдың тамызында "Фокс жиырмасыншы ғасыры" киностудиясына статист болып жұмысқа орналасады. Студияда жас актрисаға Кэрол Линд, Клэр Норман, Мэрилин Миллер аттарын ұсынды, бірақ соңында ол өзін атақты еткен Мэрилин Монро есімінде тоқталады. Монро тегі негізінен оның әжесіне тиесілі. 1951 жылдың аяғында ол аптасына жанкүйерлерден 2-3 мың хат алып отырады. 1954 жылдың наурызында Мэрилин "Ең танымал актриса" марапатын алады. 1955 жылдың қаңтарында Мэрилин өзінің "Мэрилин Монро Продакшнс" корпорациясын құру туралы шешім қабылдайды.
Негізінен Мэрилиннің табиғи шаш түсі ашық қоңыр болған, тек атақты болған сәтінен бастап ол сары түске бояйды.
Атақтылық Мэрилинді түрлі тағдырлармен тоғыстырады, десе де Мэри өзінің бақытты болмағанын айтатын. Ол наркотик қолданып та қаншама рет, ауруханада ем алған. 36 жасында ұйықтататын дәрінің көп мөлшерін қабылдағаннан Мэрилин қайтыс болады. Десе де, актрисаның өлімінің шын өлімі әлі де болса құпия.