Жігіт махаббатының 9 белгісі
Жігіттің сезімін тексерудің сенімді жолы бар ма? Екіталай. Десе де жігіттердің шын махаббатынан сыр шертетін 9 белгісін оқып көріңіз. Ғылыммен дәлелдемесе де сізді жақсы көретін жігіттің бойынан осы қасиеттердің табылуы қажет.
Ол сізді әлемдегі ең сұлу әйел санайды.
Әрине, ол сіздің мінсіз емес екендігіңізден хабардар, сөйтсе де сізді сүйген жігітке сізден асқан сұлу жоқ. Ол сізді ешкіммен салыстырмайды. Тіпті тұмаудың танауыңыздан түк қалдырмаған күндері де сіз сүйген адамыңыздың көзіне жәй ғана сүйкімді көрінесіз.
Ол сөзінде тұрады.
Сүйген жігіт сезіміне күдіктендіріп алудан қорқады. Сондықтан ол үнемі айтқан үәдесінде тұрады. Ол тіпті ең қиын жағдайда да сізге берген сертінде тұрып, сізді қуантқысы келеді.
Сізбен барынша көп уақытын ортақ еткісі келеді.
Сізді сүйетін жігіт үнемі сізге асық болады. Себебі ол сіздің жаныңыздағы жылуға зәру. Екі ғашық бір-біріне магниттей тартылып тұрады деп босқа айтылмаса керек.
Сізді құрметтейді.
Жігіт құрметтемейтін адамын жақсы да көрмейтіні анық. Ол сіздің әр әрекетіңізге қызығып, құрметпен қарайды. Сіздің бастамаларыңызға қолдау танытып, қызығушылық танытады. Ол сіздің пікіріңізді құрметтегендіктен сізбен ақылдасады.
Кері шегіне біледі.
Ғашық жігіт өзінің кейбір қылықтарынан, әдеттерінен сүйіктісі үшін бас тарта бастайды. Өзіндік мәселелері ол үшін бірінші орыннан ысырыла бастайды. Ол сіз үшін де толығымен жауапкершілік алады.
Ол «мен-нің» орнына «біз-ді» қолдана бастайды.
Ол өзін ғана емес сіздің де барыңызға тез үйренісіп кетеді. Ол үшін енді эгоистік қасиеттер жат бола бастайды. Ол мен сөзін біртіндеп, біз-ге айналдыра бастайды.
Сіздің жақындарыңызбен де уақыт өткізуге қарсы емес.
Сіздің жақындарыңызбен өткізген уақытта шаттанған сәттеріңізге оның да куә болғысы келеді. Сіздің қолдаушығңыз, қорғанышыңыз ретінде жаныңыздан табылғысы келеді.
Сізді жоғалтып алудан қорқады.
Ол тіпті екеуіңіздің ұрысуларыңызға да жол бермейді. Өзінен ешқашан бас тартқызбайды. Және оны байқамау емес. Ол сізді өмірінің бір бөлшегі ретінде қабылдайды.