Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Атақты римдік Треви субұрқағы 1732-1762 жылдары архитектор Николо Сальвидің жобасымен салынған. Треви Римдегі ең ірі субұрқақ болып табылады, оның биіктігі 25 метр, ал ені 50 метр шамасында. Ол көп ұзамай «мәңгі қаланың» көрнектілігіне айналған.
ХХ ғасырдың басында неміс туристері мынадай дәстүрдің негізін қалаған: кімде-кім Римге тағы да келгісі келсе, субұрқаққа теріс қарап, суға тиын лақтырады. Ал егер бір тиын емес, екі тиын лақтыратын болса, оны – махаббат кездесуі, үш тиын – үйлену, төртеуі – байлық, бесеу болса – айрылысу күтеді деп есептеген. Егер Римге жылына миллиондаған туристтер келетінін есепке алсақ, Треви субұрқағында әжептәуір ақша жиналары сөзсіз. Мысалы, 2017 жылы қармаққа 1 400 000 еуро ілінген.
Шынында бұл дәтүрді Римге әкелген немістер екендігімен көпшілік келіспейтін. Кейбірі 50-жылдарда көгілдір экранда жарық көрген голливудтық «Три монеты в фонтане» («Субұрқақтағы үш тиын») кинокартинасынан кейін пайда болды деп есептейді. Ол кинокартина сюжетінде Римге келген үш америкалық қыз бақытқа жетсек деген ниетпен Тревиге бір-бір тиыннан тастайды.
Субұрқақтағы ақшаны жинап алуға құқығына үйсіз қалғандары тамақтандыру, қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесу секілді көптеген жобаларды қаржыландыратын «Caritas Romana» қайырымдылық ұйымы ие болған. Субұрқақтан ауланған тиындар ұйымның едәуір бөлігін құрайды.
Рим қалалық кеңесі мен «Caritas Romana» 20 жыл мерзімге келісім шартқа отырған. Алайда қала билігі субұрқақ мұндай табыс көзі болады деп ойламаған, сондықтан да келісім шартты тоқтатып, қаржыны Римді көркейтуге жұмсау туралы мәселе көтермеген.
Итальяндық «La Repubblica» газеті қандай тиындар су түбінде көп кездесетіні туралы зерттеу де жүргізген. Нәтижесінде ең көп тиындар – еуро және АҚШ долларлары екендігі анықталған. Сонымен қатар жапон йенін және автралиялық долларларды тастаушылардың да көп екені белгілі болған. Тиыннан бөлек кейбір келушілер суға жетістік әкеледі деген оймен медальондар мен білезіктер, кілттер де тастайды екен.
Суға бағалы заттар тастайтындармен қатар судан керісінше алғысы келетіндер де табылатыны белгілі. Бірнеше жыл бұрын римдік полиция 50 жастағы әйелді ұстаған. Бұрынғы биші қаржылық жағдайының мүшкіл екендігін, ақшаны жинап, балаларына оқулықтар әпергісі келгенін түсіндірмек болған. Судан ол көп ақша жинап үлгермеген, бар болғаны 18 еуро.
Осындай аз сома жинағанына қарамастан, әйел 1500 еуро айыппұл төлеуге міндетті. Осы оқиға сотқа келіп түскен көптеген: «...суға лақтырылған тиындардың иесі болмағандықтан, ондағы тиындарды жинауды құқық бұзушылық деп қарамау керек», - деген мазмұндағы арыз-шағымдарға себеп болған. Кез келген Треви субұрқағынан ақша «аулағысы» келген азаматқа айыппұлсыз рұқсат етілетіндігін құптаған.
Алайда соттың бұл шешімімен Рим қалалық билігі мүлде келіспейді. Иесіз ақшамен өмір сүргісі келген кез келген азамат жазалануы қажет деп есептейді. Тіпті субұрқақ аумағына тәуліктік күзет те орнатқан.