Ажалын ықылықтан тапқан
Чарльз Осборн өмірінің 68 жылын ықылық атумен өткізген.
Уақиға 1922 жылы Айовада орын алған. Чарльз шошқаны сояр алдында, оны көтеріп асып қоймақ болған шағында, есінен танып қалады. Ал оянған сәтінде Чарльз тоқтаусыз ықылықтай бастайды. Халықтық ем де, дәрігерлердің емі де мүлде көмегін бермейді. Содан ол 68 жыл қатарынан ықылықтайды. Алғашында минутына ңқ рет болған ықылық, кейіннен 20-ға кемиді. Өзінің өмірінің 68 жылдығында 430 миллион рет ықылықтап, Гиннес рекорд кітабына енеді.
Чарльз Осборн 96 жасқа келіп кәрі шал болғанда ғана ықылығы тоқтайды, алайда Чарльз үшін бұл ешқандай қуаныш алып келмеді, себебі оған ендігі бәрібір болатын. Осы сәтке дейін ол үйленіп, бала-шағалы болып үлгерген.