«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Салық төлеу көне заманнан қалыптасып келе жатқан әдіс. Әдетте біздер салықты мүлікке, жерге төлейміз. Бірақ жер бетінде қызықты салықтың түрлері көп екен.
Өмір үшін салық
Біртүрлі естілгенімен мұндай салық Англия елінде қабылданған. Аталған мемлекетте адамдар тағы «қоқақтық» үшін де салық төлейтін болған. Он екінші ғасырда ер азаматтар патшаның амандығы үшін соғысқа қатысуға бас тартқандар қаражат төлеген екен. Салық мөлшері аз болғандықтан жауынгерлердің қатары сиреп кеткенде патша салық мөлшерін үш есе көбейткен.
Англия «біртүрлі» салықтарды ойлап табудың шебері-ақ. Қазір не киім кисе де әркімнің өз еркі. Алайда XVII ғасырда мұнда тұрғындарға бас киім киюге тыйым салған. Егер киген жағдайда қалалықтар айына 2 фунт, ал ауылдықтар 5 шиллинг төлейтін болыпты. Ежелгі Римде адамдар бостандыққа салық төлеген.
Бостандық үшін төленетін салық құлдықтан босатылған адамдарға қатысты болған. Ауыр жұмысқа жегілген, үй қожайындарына тәуелді жандардың басы босағанда олар қожайындарына және Римге ақша төлеуі тиіс болған. Ал сіз тұрғындарына ауа үшін салық төлеткен елді туралы естіппе едіңіз. Византия елінде көп қабатты үйлері бар бай-бағлландар жұтып отырған ауа үшін салық төлеген. Сол елдің көзқарасы бойынша көпқабатты үйлерге ауа көп «жұмсалады» екен. Сондықтан олар өзге тұрғындарға келтірген ыңғайсыздықтары үшін осылайша өтемақы жасап отырған.