Әлемдегі ең биік тропикалық ағаш табылды

Screenshot_8.jpg

АҚШ-тың Карнеги институтының эколог мамандары Малайзияның Борнео аралынан әлемдегі ең биік тропикалық ағашты тапты. Олар ағашты тікұшақпен ұшып бара жатып байқаған. Тропикалық ағаштың биіктігі 94 метрді құраған. Ал жуандығы 40 метр шыққан. Экологтар аталған аймақтан мұндай "алып" ағаштың онға жуығын кездестірген. 

«Бұл – әлемдегі ең биік тропикалық ағаш. Табиғаттың таңғажайып сыйы. Мұндай ағаштың табылуы – ғылым мен Борнео тұрғындары үшін ғана маңызды емес, әлем үшін таңданарлық жаңалық», - деді эколог Грегори Эснер. 

Айта кетейік, әлемдегі ең биік ағаш «Гиперион» деп аталады. АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Редвуд» саябағындағы ағаштың биіктігі 115,6 метрді құрайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жәндіктер неліктен ауру сезбейді?
  • Көздің жасы неліктен тұзды?
  • Неліктен аза кезінде ту төмен түсіріледі?
  • Шыбындар табандарын неліктен жуады?
  • Агнотология қандай ғылым?