Қолтырауыннның да құлағы бар

Oinet.kz 14-08-2019 1097

Screenshot_6.jpg

Құлақ – жануарлар тіршілігінде маңызды роль атқарады. Кейбір тіршілік иелерінің құлақтары тіпті, ерекше.  Мәселен қимылы шапшаң  қосаяқтың құлағы денесіне сай келмейді. Яғни денесі 9 сантиметр болса құлағының ұзындығы 5 сантиметрді құрайды. Ұзынқұлақ аз зерттелгенімен, оның жер бетінде жоғалып кетуі мүмкін екендігі анық. Ғалымдар қосаяқтың басты жауы – адам екенін айтады. Қолтырауынның да құлағы бар десем сенесіздер ме? Әрине, жоқ. Өйткені оның расымен де қалқиып тұратын есту мүшесі жоқ. Дегенмен қолтырауынның басында саңылау бар. Сондықтан жыртқыш сыртқы ортаны жақсы естиді, тіпті су астында да. Кәдімгі үй мысығының да құлағы біз ойлағаннан ерекше. Оның құлағындағы тері секілді қатпарлар жақсы естуге мүмкіндік береді. Мысықтың құлағында жүйке ұштары адамдікінен екі есе көп. Сол себепті де төрт аяқты кербез жануар бізге қарағанда әлдеқайда сезімтал келеді.   

Орта ғасырда адамдар тышқанның миымен тісін жуған
Ұлы Сібір жолы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу