Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қазір «креативті» сөзі кең қолданыста. Креативті ой, креативті идея, креативті көзқарас-барлығы көзге көрінбейтін ауқымнан таңғажайып нәтижеге дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде тіпті жұмыс берушілер қызмекерден креативтілікті қажет етеді. Сонымен, креативті болу үшін не істеу керек?
Адамдрдың санасында креативті тұлғалар жайлы екі түрлі пікір бар:
1. Альберт Энштейн секілді ғажайып жан. Бұл типтегі креативті тұлғаның ойына ілесу мүмкін емес. Идеялардың қоймасы іспетті кез келген ситуацияда бірнеше нұсқа ұсына біледі. Бірақ қоғамнан тыс, даралықты жаны сүйеді.
2. Шығармашылық мамандық иелері. Бұл типтегі креативті жандар өзге әріптестерінен батылдығы мен тәуекелшіл қадамдарымен ерекшелнеді. Киім дизайны, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет салаларында қызмет ететін адамдардың абстрактілі көзқараспен жаңа дүниелер жасауы. Креативті шығармашылық қоғам үшін қызмет етеді.
Осы екі түсініктен соң креативтілік ерекшелік яки адам болмысындағы ауытқу деп қабылдауыңыз мүмкін. Алайда, қалыптан шығып, бұл стереотипт жеңуге тырысып көрейік.
Шындық: Креативтілік- фантастикалық талант яки адам сенгісіз ойлар емес. Қандай да бір жаңалық жасау.
Жаңалық деген патент алатын өнертабыс, ерекшелікке ие бұйым не идея емес. Сіз отбасыңыз үшін тағам әзірлеу барысында «жоқтан бар жасадыңыз». Міне, креативті асүй ханшасына айналдыңыз. Ғылымда ғана емес тұрмыста да креативті болу мүмкін.
Барлығын табиғат жаратуы міндетті емес.
Айнламыздағы кейбір адамдар жайлы «нағыз дарын» барлығын бірден қағып алады деген тұжырым бар. Ал, кейбіреулер «нағыз дарын емеспін» барлығына жаттығу арқылы қол жеткіземін деп налиды. Осы екі типтегі адамдарды салыстырып қарайық.
Нағыз дарындар өзінің талант екеніне сенеді. Әрі әрекет етіп бастай сала нәтиже көрсетуге тырысады.
Нағыз дарын емеспін деуші тұлғалар жаттығу арқылы қол жеткіземін дейді. Яғни, оларда табандылық бар. Салын суға кетірмей ұмтылу да-креативтілік. Екі жағдайда да нәтиже болады.
Көрнекі суреттер ашық дереккөзден алынды.