Кеңестік кино өнерінің жануар-актерлары туралы қызықты деректер

Oinet.kz 09-08-2019 1880

     fakty-zhivothie-aktery-sssr-2.jpg

           «Ко мне, Мухтар!» фильмінде бір емес, үш бірдей шығыс-европалық овчарка ит түсірілген. Фильм сюжеті бірнеше жылға созылғандықтан, картинаның басында Мухтар жас ит болады, ал соңғы кезеңінде жасы ұлғайған итке айналады. Жас «Мухтарды» киностудия хабарландыру бойынша сатып алады. ал қалған екі Урал және Байкал атты иттерді ІІМ береді.

Мухтардың 5000 операцияға қатысып, 1000-нан астам қылмыскерді ұстауға көмектескен Султан деп аталатын шынайы прототипі болған. Өлімінен кейін Султанның тұлыбы жасалып, Ленинградтық қылмыстарды іздеу мұражайында көрмеге қойылған. Бірде мұражайға жазушы Израиль Меттер келеді. Кейін ол «Ко мне, Мухтар!» фильміне сценарий жазады.fakty-zhivothie-aktery-sssr-3.jpeg

 «Приключения Электроника» фильміндегі Ресси деп аталатын электронды иттің рөлін эльдельтерьер ит Чингиз сомдаған. 70-жылдары бұл тұқымдас иттер Кеңес Одағының ит өсірушілер арасында аса танымалдыққа ие болған. Алайда кейбіреулер ол кездегі ойыншықтардың көп таңдауы болмағандықтан, дүкеннен ойыншық иттің сол түрін ғана тапқан және соған сай тірі актерді таңдап алған деп еске алады.

ПР-11-Анфас.jpg

«Полосатый рейс» фильмінің түсіріліміне жануарлардың бір тобы: үйретушілер Маргарита Назарова мен Константин Константиновскийдің 10 жолбарысы, Херсон хайуанаттар бағынан арыстан және Пират есімді шимпанзенің жұмылдырылған. Пират фильмді түсірушілерді жабайы жануарлардан кем әбігерге салмаған. Ол өзінің сүйіктісі – Чилита атты маймылсыз киноға түсуден бас тартқан. Сондықтан Чилита түсірілімнің барлық кезеңінде Пиратпен бірге түсірілім алаңында бірге болған.

fakty-zhivothie-aktery-sssr-4.jpg

Вася атты арыстан түсірілім кезінде қаза тапқан. Ол кезде ол қартайған және аурушаң болған. Картинада ұйықтатқыш химикат жұтып қойған арыстанды каютадан шығаратын эпизод болады. Алайда шын мәнінде каютадан ұйқыдағы арыстанды емес, өлі арыстанды шығарған. Себебі Вася ұйықтатқыш дәріні қабылдаудан бас тартқан. Сондықтан оны ату туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін арыстан бірнеше фильмдерде түсіп үлгерген: «Новые похождения кота в сапогах», «Дон Кихот», «Она вас любит».

Эльдар Рязановтың «Удивительные приключения итальянцев в России» атты комедиясына түскен Кинг атты арыстан Бакуде Берберовтардың отбасында өмір сүрген. Кеңес Одағында бұл отбасы түрлі жабайы жануарларды қолға үйрету қызығушылығымен танылған. Бірақ Кинг үшін түсірілім трагедиямен аяқталған. Оны мектептердің бірінің спорт залына орналастырған. Бірде ол терезеден секіріп, қасынан өтіп бара жатқан студентке атылады. Мұны көрген, бертін келе Мемлекеттік Думаның депутаты болған жас миллиционер Александр Гуров атып өлтіруге мәжбүр болған.

Қазіргі қазақ кинорежиссерлері
Теледидар пультін ойлап тапқан – қазақ!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу