Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Теледидарды қашықтықтан басқару аспабын сенсеңіз де, сенбесеңіз де, өткен ғасырдың 60 жылдары қазақ ойлап тапқан. Ол кезде Ленинград сурет академиясының студенті Шәкен Ниязбек өнертабысымен айдай әлемге әйгілі болам деп ойламаған-ды.
Көк байрағымыздың авторы Шәкен ағаның әлемдік жаңалығы 1964 жылы Чехословакияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болады. Қазақтың өнертабысы Ленинградтағы көрмеге де қойылады. Алайда таңсық бұйым ұрыларға «жем» болып кете барады. Қылмыскерлерді анықтау үшін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де жұмылады. Сөйтсе, қазақтың төлтумасына «жиендік жасаған» Жапония жансыздары екен.
Өнертабысты ұрлап алған жапондықтар қылмыстың өтеуіне Шәкен ағаға 20 мың сом айыппұл төлейді. Салыстыру үшін айтсақ, ол тұста «Волга» көлігінің құны 4 мың сом болатын. Көлік демекші, 70 жылдары «Волганың» жаңа нұсқасын жасаушылардың қатарында да Шәкен Ниязбек болыпты.