Туристтерге не үшін айыппұл салынады?

Oinet.kz 09-08-2019 1024

fakty-shtrafy-turistam.jpg

Әлемнің әр мемлекетіне, қаласына саяхат жасау кімге болса да ұнайтыны анық. Бірақ өзіңе таныс емес елге аттанбас бұрын ол елдің заңымен танысып алған жөн. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» екенін ұмытпаңыз. Себебі заңын білмегеніңіз үшін айыппұл төлеуіңіз де ықтимал. Тіпті одан да қатаң жаза берілуі мүмкін.

Мысалы, біздің елде балаға «киндер-сюрприз» әперу ешқандай қиындық тудырмайды, кез келген дүкенге кіресіз де әпере қоясыз. Бірақ оны алып өткеніңіз, тасымалдағаныңыз үшін АҚШ-та 300 АҚШ доллары көлемінде айыппұлға ілінесіз. Себебі ол мемлекетте жеуге болмайтын заттарды азықтың ішіне салуға 1938 жылы тыйым салынған. Шоколадтың ішіндегі ойыншық та соның біріне жатады.

Испанияның көптеген жағажайларында шампунь немесе душка арналған гель қолдануға тыйым салынған. Бұл ережені бұзғандар үшін 1 500 еуро көлемінде айыппұл салынады. Бұл тыйым теңіз суының тазалығын сақтау қамқорлығымен түсіндіріледі. Ал Испанияның Мальорка аралында жағажайда қоқыс қалдыруға болмайды. Ол үшін 300 еуро көлемінде айыппүл төлеуіңіз мүмкін. Ал егер ол айыппұлдарды аз көрсеңіз, жағажайда спирттік ішімдік ішіңіз. Ол үшін сізді қомақты мөлшерде айыппұл күтеді.

Тайландтықтардың патшаларына деген құрметі өте ерекше. Ал оның портреті қағаз ақшалардың бәрінде кездеседі. Сондықтан ақшаға да құрметпен қарауды талап етеді. Патшаларының портреті бейнеленген ақшаларды қыртыстауға, бүктеуге, жыртуға, жерге тастауға тіпті шалбарыңыздың артқы қалтасына салуға тыйым салынады. Сонымен қатар Тайландта пілдерді тамақтандыруға болмайды. Айыппұл – 300 доллар көлемінде.

Афиндық Акропольға жылына миллион турист келеді. Греция билігі бұл бірегей архитектура ескерткішінің сақталуын ерекше қадағалап отырады. Ол үшін арнайы ережелер де бар. Туристтер бірнеше мың жылдық тарихы бар Акропольді өкшемен күйретпеу үшін тек қана жайпақ табан аяқ киім киюі керек.

Гензуэз шығанағының жағалауында орналасқан әйгілі итальяндық Чинкве-Терре паркінде туристтерге саяхат кезінде шәркей (шлепанцы) киюге тыйым салынған. Жартасты жерде олар жарақат пен зақымның себебі болады деп есептейді. Сондықтан жергілікті полицияға әрбір туристтің аяқ киімін тексеріп отыру туралы жарлық шығарылған.

АҚШ-та Сингапурде жүрген туристтердің бірі аяқжолға түкірген. Оны сол жерде полиция тоқтатып, 300 доллар көлемінде айыппұл салған. Сонымен қатар оны 2 күн ішінде төлеу міндетті болған. Олай етпеген жағдайда айыппұл көлемі 2 000 долларға дейін ұлғайып кетеді.

Қоғамдық көлікпен тегін жүру аса ауыр қылмыс сияқты көрінбегенмен, Еуропаның кейбір елдерінде бұл үшін айыппұл көлемі өте үлкен – 1500 еуроға дейін. Одан бөлек келесі жолы ол елге шығуға виза алу кезінде едәуір қиындықтар туындауы мүмкін.

Ауа райы өте ыстық болған жағдайда да фонтанға шомылмағаныңыз дұрыс. Бұл біріншіден оғаш көрінуі мүмкін, екіншіден көп көлемде айыппұлға ілінуіңіз мүмкін. Римде мұндай әрекеттері үшін жергілікті полиция әр маусым сайын тәртіп бұзушыларға жүздеген айыппұлдар салады екен және оның көлемі 900 еуроға дейін жеткен. Итальяның көптеген шипажайларында жағажайдан қабыршақ жинау тұрмақ құмға да тыйым салынған.

Испанияда көптеген туристтер бассейнге тікелей қонақүйдің самалдығынан секіргенді ұнатады екен. Сондықтан да билік өкілдеріне 400 еуро көлемінде айыппұл енгізуге тура келген.

Ал Австрияның астанасы Венада қоғамдық орындарда сүйісуге болмайды. Бірақ бұл үшін айыппұл мөлшері аса көп емес, небәрі 50 еуро.

2008 жылдың 1 мамырынан Венецияда Сан-Марко орталық алаңындағы көгершіндерді қоректендіруге тыйым салынған. Қала әкімшілігі онда көгершіндер саны өте көп және олар көшелер мен үйлерді ластайды деп есептейді. Бұл тыйымнан бәрінен бұрын құстарға арналған азық сатушылар зардап шеккен. Олар тіпті сотқа арыз да берген. Алайда олар бұл сотта жеңіліп қалған.

Теледидар пультін ойлап тапқан – қазақ!
«Ок» бразилиялықтарға ұнамайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу