Ең ұзақ өзін-өзі өлтірушілік

Oinet.kz 06-08-2019 1275

Screenshot_2.jpg

1970-жылдардың басында Ленинград Ядролық Физика Институтында Рыжев деген зертханашы жұмыс жасаған. Сол института зертхана меңгерушісі болып оның ажырамас махаббаты жұмыс жасаған.

Бірде зертханашы Рыжев «Өлсем, әлі мені іздеп жылайтын боласың, бірақ ол кезде бәрі кеш болады» деген ниетпен әрі ғашығынан кек алмақ болып, әрі өз өмірімен қоштаспақ болып шешеді. Ол бұл ойын асыру үшін мүлде адам ойына келмейтін әрекетпен жүзеге асырмақ болады. Шприцке радий тұзын толтырып, көктамыр арқылы жібереді. Келесі таңда белгілі болғандай, ағзасы аз мөлшерде сәулеленген. Дегенмен ағза үшін қауіпті екені белгілі, себебі ағзаның радиоактивті зақымдануы қан түйіршіктеріне зиянын тигізеді. Сонымен қатар зертханашының ағзасында 5 түрлі рак ісігі пайда болған. Алғашқы интраэпидермалды карцинома деп аталатын рак сол қолдың шынтақ иілісінде, радий еккен жерінде пайда болған. Екінші остеосаркома рагі төсінде, малигнизированная тератома – жұмыртқа рагі, қатерлі нефрома – бүйрек рагі және бесінші рак түрінде аққан ауруы, яғни лейкоз немесе қан рагі пайда болған. Медицина мамандарының көзқарасына қарағанда бір ағзада бір емес бес бірдей рактің болуы өте сирек кездесетін жағдай.

Микротолқыннан өліп кету мүмкін бе?
Импичмент дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу