Әйел түсінің арқасында мол байлыққа кенелді
10-05-2023
Түс көру ешкімге де таңсық дүние емес. Түс көру қалыпты жағдай болғанымен де, түстің нақты не екенін қанша зерттеулерден соң да сену қиынырақ. Бір зерттеу нәтижесі былай десе, екіншісі басқалай әндетеді.
Түсті барлық адам көреді, кейде тіпті бір түнде бірнеше рет. Тума көздері көрмейтін адамдар да түстен хабары бар. Тек олар көретін түс біздікінен өзгерек. Олардың түсі тек дыбыстан тұрады. Біздің түнгі ұйқымыз негізінен бес циклдан тұрады., әрқайсысы жарты сағатты қамтиды. Сонда, сіз бір түнде бес түс көретін болып тұрсыз ғой. Тез ұйықтау орын алған сәтте, адам қуанышты, қызықты сәттерге толы, оянғысы келмейтін түстер көреді. Ал қалғып кетсе, салмақты, ойлануға ұқсас түстер көреді.
Ұйқы сүйер қауым түсті а ұйықтайтындардан екі есе көп көреді. Және олар көрген түс жиі естерінде қалып жатады. Стресс сәттерінде, нервтік жүйелер зақым алған кездерде түссіз ұйықтайды екен. Ал жарқын өмір сүретіндер жақсы түс көреді-міс.
Тіпті ана құрсағында жатқан бала да түс көреді. Жылдам ұйқы адамның жақсы демалысына септігін тигізеді, ал екі жасқа дейінгілердің ұйқысы қалың болғандықтан түс көруі басым.
Түс көру кезінде біз 10 секундқа демалмай қалады екенбіз. Және бұл бір түнде 5 рет қайталанатын процесс. Жас өскен сайын бұл құбылыс үдей түседі.
Адамдарға күшін қалпына келтіру үшін, белсенділігін арттыру үшін қажетті ұйқы негізінен 15-30 минутты құрайды. Адамның миы оның денесінен қаттырақ шаршайды. Мәселен, екі қап түсірген адамнан, екі парақ ақпарат жаттаған қаттырақ шаршайды екен.
Ең ұзақ түс 10 секунд. Оның ішіне біз көрген трагедиялардың бәрінің қалай сиятынын...