Түсіңізде тісіңіз түссе, ненің белгісі?
Психолог Йен Уоллестің айтуынша, тіс адамның өзіне деген сенімділік дәрежесінің символы. Оның пікірінше, түсінде тістің түсуі адамның сенімсіздігін сезінуіне себеп болатын нәрсе болуы мүмкін.
Басқа нұсқасы бойынша, түстегі тістердің түсуі өмірдегі әңгімелесу проблемасы да болуы мүмкін.
Дана адамдардың айтуынша түсіңде қанша тісіңнің түскені маңызды емес, ол қанап түсті ме, ауырсынбай түсті ме, ол жамандықтың нышаны екен. Мәселен, түс жорушы Миллер түсінде тісі түссе оны ауру не бақытсыздық деп біледі екен. Немесе сізге жағымсыздау кездесуді де білдіруі мүмкін. Ал егер тісіңіз өте көп түсіп жатса, шаршағандығыңыздың белгісі, дереу демалыңыз.