Стереотип, стеореотиптік ойлау жүйесі

Oinet.kz 05-08-2019 6945

Vidy__primery_i_znachenie_stereotipov_v_sovremennom_obschestve_1.jpg

Стереотип дегеніміз не?

Википедиядағы мәліметке сенсек, стереотип ежелгі грек тілінен аударғанда үлкен көлемді саусақ ізі деген мағынаны береді екен. Бір кездері көп таралымды кітаптарды қайта басуға керекті құралды стереотип деп атаған екен.

Стереотип дегеніміз жан-жағымыздағы құбылыстар жөніндегі ескіден қалыптасып кеткен тұрақты түсініктер. Ол қоғамдағы қағидалар, дұрысы бұрысы белгісіз, және де біз, адамдар, стереотиптермен өмір сүріп келеміз.

Стереотиптер жиынтығы дүниетанымды құрайды.

Қарастырылатын феномен адамның жастық шағынан-ақ қалыптаса бастайды, кейіннен ата-анасының тәрбиесімен, қоршаған ортасының қатынасымен толтырылып отырады.

Ойлаудың дайын шаблондары олар миымыздың ішкі түйсігінде орналасады, бірте-бірте автоматты іс әрекеттерге алып баратын автоматты ойлар жүйелене бастайды. 

Нақты жағдайларда белгілі бір түрде ойлауды үйренген адам оларға ісі түскен сәтте күш көрсетпейді және энергияны жұмсамайды. Реакция өздігінен пайда болады және реттелуді қажет етпейді. Бұл психикалық және физиологиялық ресурстарды үнемдеу тұрғысынан өте ыңғайлы.

Стереотиптердің арқасында әлем өмір сүруге қолайлы, қорқынышсыз өмір сүруге мүмкіндік тудыртады. Бұл стереотиптің оң тұсы. Алайда теріс тұсы да жоқ емес. 

«Әлем үнемі өзгеріп отырады және біз үйренісіп кеткен қалыпты түсінік те бір кездері пайдасын беріп, қолайлылық тудырса, ендігі ақылға қонымсыз қате болып шыға келді».

Мәселен, ежелгі адамдар өздерінен өзге түсті адамдар көрсе оларды «бөтен» деп есептеп, қорқыныш тудыртады деп есептеген. Оны дереу тұтқынға алған немесе өз территорияларынан айдап жіберген. Бұл стереотип біздің күнімізде де кездесетіні мәлім, оның үстіне төндірер қауіпі де бұрынғысынан едәуір.

Адамдардың ұлттық және нәсілдік критерий бойынша бөлінуі тірі қалу инстинктіне негізделген және дұшпандық пен қан төгуге әкеледі (еврейлерді адамдар үшін санамағанда жойған Гитлерді еске түсіру керек), бұл ретте қазіргі социум өзін ақылға қонымды және мәдени деп санайды.

Стереотиптік ойлау – бұл адам санасына қоғам, БАҚ, қоршаған ортаның ықпалымен енгізілген ойдың бейнесі. 

Осылайша, стереотиптің пайдалы болумен қатар зиянды болуы да ықтимал. 

Стереотиптік ойлаудың 4 ерекшелігі

Мұндай тәсіл шындықты қабылдауды едәуір жеңілдетеді. Осыған байланысты стереотипті бекіту әрқашан қысқа тұжырымға ие. Мысалы, «еркектердің барлығы бірдей», «сары шашты қыздар ақымақ», «аз тамақтансаң тез арықтайсың» және т. б. Яғни, стереотип – бұл әдетте қысқа, кең қамтылған фраза;

Стереотип бұл басқаның тәжірибесі, үлкенінен кішісіне беріліп жүрген. Біз әлемнің қандай екенін, табиғаттың не екендігін, олармен қандай қатынас жасауымыз қажеттігін үлкендерден, көз ашқалы көріп келе жатқан ата-анамыздан үйренеміз. Ал кейіннен келе бұл ақпараттың барлығы біздің миымызда қатып қалыптасқаны соншалық, мінезіміздің бір бөлшегіне айналады.

Мәселен, анасы қызының миына кішкентайынан тұрмысқа тек бір рет шығып, ерінің айтқанына құүлақ асуы керектігін құйып өсіреді. Қызы бой жетіп, тұрмысқа шығады да, кейіннен махаббатының суынып, сезімі қалмағандағын түсінеді. Алайда, осы уақытта қыздың ойына кішкентайынан жатталып кеткен қағида оның ойынан ажырасу жөніндегі ойды алып тастау керек екекндігін нұсқап, миына шабуыл жасайды. Әйел қиналады, бақытсыз болады, ұрсысады, дегенмен бірге өмір сүруін тоқтатпайды. Себебі, оның ойындағы ерлі-зайыптылық бірге өмір сүру ғана.

Тұрақтылық. Адамдар көбінесе стереотиптің шындық екенін негізге алып, логикалық және физикалық заңдылықтарға бағынудан қалады. Егер әйел адамы өзінің миына ерлердің одан тек бір ғана нәрсе қалайтынын біліп алса, шексіз назар да гүлдер де оның көңілін жібітіп шындыққа тіке қарауына жол аша алмайды. Ол мұндай назардың себебін, тек жігіт оны қаламайды, сүймейді деп жорып алады.

Стереотип көбіне шындықтан ауылы алыс құбылыс. 

«Сен стереотипті ойлайсың» -деген фраза қарсы оппонеттің ойының қатып қалған жалған қағидаға негізделіп көрсетіп тұрғанын көрсетіп тұр.

Стереотип барлық өмір салаларында кездеседі. Кейде ол адам ақылына еніп кеткені соншалық, ол адам үшін шындық пен жалғанның аражігін ажыратып беру қиын.

Ойынқұмарлықпен ауырған атақты адамдар
Сүйікті түсіңіз қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу