Адам денесіне байланысты қызықты деректер

Oinet.kz 05-08-2019 1452

Screenshot_6.jpg

 - Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейінгі мөлшерді құрайды. 

- Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.

- Ең кіші бұлшық ет - құлақтың түпкі жағында орналасқан, көлемі "1" санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

  "Ерке шұқыр" - кісінің екі ұртының сыртында болатын шұқыр. Табиғаттың осы бір ерекше нышыны - ерлерде және әйелдерде де болады. Еркелей күлген сұлулардың бетіне ерекше бір әдемі ажар бергеніне орай - "ерке шұқыр" деп атаған. 

   Адам ағзасындағы құпиялар:

- Адам салмағының 7 пайызы қаннан тұрады. Егер салмағы 100 келі болса, онда 7 келі қан бар болғаны. 

- Үштен бірі судан тұрады. 

- Бестен бірін сүйектер құрайды.

- Денеде 639 бұлшық ет, 212 сүйек бар екен. Ал, дененің бүкіл буындары 150 түрлі қозғалысқа келеді. 

- тілдің дәм сезу бүршіктері негізінен төрт дәмді:- тәтті, тұзды, ащы, қышқыл дәмді ғана ажырата алады екен.  

- Керісінше, мұрын 10000-нан астам иісті ажырататын көрінеді. 

- Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет - тіл. 

- Адамның өмір бойы өсетін мүшесі - мұрын. 

- Адамның қалпына қайта келмейтін жалғыз мүшесі - тіс. 

- Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен.

- Адам жүрегі күніне 100 мыңнан артық соғып, 2 тонна қан айдайды.

- Адам денесіндегі жылудың 80 пайызы басынан шығады. 

Әлемдегі ең қымбат жейделер
Лениннің егіз ағасы болған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу