Әлемдегі ең қымбат жейделер

Oinet.kz 02-08-2019 1269

Кез келген кәсіптің өзіндік әмбебап ережелері бар. Ол ережелердің бірқатарын былай тұжырымдауға болады: «Сен қаншалықты арзан сатқаныңмен де, саған қымбат деп айтатын адам табылады». Сондықтан да біздің жеңіл жейделердің бағасын қымбат дейтін жандарға әлемдегі ең қымбат жейделер топтамасын ұсынамыз. Оған адамзат тарихындағы ең қымбат бес жейде жатады.

Screenshot_27.jpg

5-орын

бұл орынды Beatles-тың мүшесі Джон Леннонның жейдесі иеленген. Оны британдық музыкантқа досы Ричард Росс сыйға тартқан. Росс Нью-Йорктағы Home мейрамханасының қожайыны, жейдедегі жазу содан алынған.

Жейденің музыкантқа ұнағаны соншалық, тіпті ол оны өзнің концерттері мен өнер көрсетулерінде де киген. Мейрамхана жабылғанына біраз уақыт болса да, «Home» жейделері әлі де сатылымда. Леннонның қазасынан кейін музыканттың жұбайы Йоко Оно жейдені аукционға қойып, 16 400 АҚШ долларына сатқан.

Screenshot_28.jpg

4-орын

Америкалық дизайнер Даниель Джи қарапайым, бірақ әдемі қара түсті жейделерді қарапайым емес бағада, яғни 50 000 АҚШ долларына сатады. Жейделердің негізгі ерекшелігі – сиректігінде, себебі мұндай жейденің саны небәрі 20 дана ғана.

Сиректігінен бөлек, жейделерді жасап шығарушы Daniel J әлемді жақсы жағына өзгертуге септігін тигізіп жатқандығына сенімді. Себебі жейденің әрбір данасынан түскен қаражаттың 10% қайырымдылыққа жұмсалады.

Қызықты нюанс: өндіруші жейделердің өз қалпын тек 20 рет киюге дейін ғана сақтап тұратындығын айтады. Демек олар үшін «баға мен сапа» байланысы маңызды емес екені анық.

Screenshot_29.jpg

3-орын

Француздық сапалы Hermes бренді өзінің бағаларымен көпке танымал. Себебі қолтырауын терісінен жасалған жейденің бағасын көргенде өз көзіңізге сенбеуіңіз мүмкін. Оның бағасы – 91 500 АҚШ долларына тең және бұл баға топтаманың небәрі 3-орнында.

Screenshot_30.jpg

2-орын

Қалай ойлайсыз, бір ғана жейде үшін 300 000 АҚШ долларын сұрау кімнің ойына келді екен? Білмесеңіз, жауабы төменде:

Бұл жейделер БҰҰ құрамындағы UNICEF қайырымдылық ұйымының жейделері. Жейделердің бағасы туралы кері пікір айтуға асықпаңыз. Себебі сатылымнан түскен барлық қаражат Африкадағы ашыққандарға көмек қорына аударылады. Осы коллекция шеңберінде UNICEF-тің Африкаға көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегінің үлгілері көрсетілген бірнеше жейде шығарылған.

Мұндай акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, жейделер адамдардың қайырымды іс жасай алғаны үшін мақтаныш сезіміне және ақпараттың таралуына ықпал ететіндігін көрсеткен.

Screenshot_31.jpg

1-орын

Әлем бойынша топ бастап тұрған ең қымбат жейденің құны қанша деп ойлайсыз? 400 000 АҚШ доллары!

Мұндай қымбат жейде сату идеясы Superlative Luxury компаниясына тиесілі. Бағасының қымбат болу себебі – ол экологиялық таза материалдардан тұрады. Тіпті өндіру кезіндегі электроэнергияның өзі жаңартылмалы көздерден алынған. Жейденің өзін басқа бір нәрсеге қайта жасап шығаруға болады. Ондағы сурет әрқайсысы 1 караттан тұратын 16 бриллиантпен көркемделген.

Мұндай 400 000 АҚШ долларлық жейдені сатып алу үшін арнайы тапсырыс беріп жасатасыз және тапсырыс берген сәттен бастап шамамен 4 аптадай күтуіңізге тура келеді.

Screenshot_32.jpg

Ұйғыр халқының алғашқы және жалғыз музыкалық театры Қазақстанда орналасқан
Адам денесіне байланысты қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу