Әлемдегі ең қымбат дүкен

Oinet.kz 17-07-2019 1397

1433633409_4.jpeg

Әлемдегі ең қымбат дүкен ирактан шыққан американдық миллиардер марқұм Пакзад Биджанның қалауымен ашылып, қожайынының құрметіне «BIJAN» деп аталған.

gallery_bijan06-1368x630.jpg

Дүкендегі тауарлардың құны аспанға қалықтап тұратын көрінеді. Мәселен, ұлдардың бір костюмы 50,000$ болса, бір жұп шұлық 50$-ға бағаланады. Алайда BIJAN-дағы бағалар тұтынушыларды мүлде қорқытпайды екен. Керісінше, мұнда тап болғысы келетіндердің тізімі ұлан-қайыр. Ал, тұрақты клиенттерінің тізімі арнайы әйнек фасадта ойып жазылыпты. Бұл тізімге ену өте абыройлы болып есептелінеді.

Bijan маркасының қолдаушыларының қатарында американдық үш перзидент те байқалған: Рональд Рейган, Джордж Буш кіші және Барак Обама. Сонымен қатар бұл жерден киім, әтір сатып алғандардың қатарына Тони Блэр, Владимир Путин, Арнольд Шварцнеггер және Том Круз секілді атақтылар да кірген.

Дүкенге тап болу, тіпті президенттер үшін де, арнайы алдын ала жасалынатын қоңырау арқылы жүзеге асырылатынына қарамастан, дүкенде қазірге дейін 40 мыңға жуық элита өкілдері болған көрінеді.

Әлемдегі ең жалғыз ағаш
Алло сөзі...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу