Тәтті жегісі кеп кетіп кондитерлік дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды (видео)

Oinet.kz 03-02-2023 866

Ақтөбеде ер адам кондитерлік дүкендердің бірінде ұрлық жасау үстінде бейнебақылауға түсіп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 1 ақпанға қараған түні белгісіз жігіт кондитерлік дүкеннен 15 мың теңге мен 40 мың теңгеге торт ұрлаған.

Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам тәтті жегісі келгенін айтып ақталған.

Бүгінгі таңда «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Алматыда алимент төлеуден қашып жүрген өнер жұлдыздары көп
Атырауда әкесі 11 жасар қызын ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу