Сән әлемінде сенуге болмайтын 5 қағида

Oinet.kz 17-07-2019 1032

Қазір сән әлемі қоғамдық стереотиптерді жоюға, өзін жақсы көріп қабылдауды әр тұлғаға үйретуге бағытталған. Модельдік параметрлерге сай емес, стандарттан тыс сәнбикелерді подиумға шығару арқылы әр адамға мотивация береді. Сіз киім таңдар кезде  белгілі тұжырымдарға жүгінетін боларсыз. Сол тұжырымдардың қаншалықты шындыққа шанатынын ойланып көрдіңіз бе? PEOPLETALK сән әлеміндегі ең көп таралған бес жалған тұжырымды анықтаған екен. Егер бұл тұжырымдардың ішінен өз пікіріңізді көзіңіз шалса, ойыңызды өзгертуге асығыңыз!

ПРИНТАЛАРДЫ БІР-БІРІМЕН БІРІКТІРУГЕ БОЛМАЙДЫ

сән1.jpg

Киімде тек бір принт болуы керек деп ойлаған уақыт болды, бірақ қазір сәнде эксперимент жасауға қызығушылар басым. Мұнда ең бастысы-стиль мен сенім. Бастан-аяқ бір түсте киінуді «әжеңізге» қалдырыңыз»!

БОЙЫ АЛАСА ҚЫЗДАРҒА ҰЗЫН КӨЙЛЕКТЕРДІ КИЮГЕ БОЛМАЙДЫ

сән2.jpg

Ескірген ереже жерге түсетін ұзындықтағы көйлек бойы аласа қыздарды қабылдауға қарсы емес.  Шын мәнінде, дұрыс пішілген көйлек кез келген жастағы қызға жарасымды . Бірақ сәні тым артық көйлектерден аулақ және жұқа пішінді таңдау сіздің шешіміңізге комфорт сыйлайды.

ЖАЗДА КҮДЕРІ (замш) МАТЕРИАЛДАН КИІМ КИЮГЕ БОЛМАЙДЫ!

сән3.jpg

Жо-жоқ, бұл жай негізсіз сөз. Қаласаңыз, ашық түске басымдық беріп, аксессуар  арқылы жарасымдылыққа қол жеткізуіңізге болады. Өзіңізге сеніп, жасаған образыңызда жымиыңыз. Жаазда тіпті тоқыма материалды да киюге болады. Тек өзіңізді комплекстен тыс ұстай білуіңіз абзал.

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС ӘШЕКЕЙЛЕРДІ БІРГЕ КИЮГЕ БОЛМАЙДЫ

сән4.jpg

Көптеген сән «аңыздары»  60-шы жылға тән.  Ал қазір 2019 жыл екенін ұмытпаңыз! Сол уақытта аксессуарлар бір-біріне өте жақын, сөмке мен аяқ киіммен үйлесуі керек болды. Уақыт пен сән өзгереді. Бүгін біз әртүрлі металдарды оңай біріктіріп, әр түрлі әшекейлерді қолданнып эксперимент жасай аламыз.

КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚ ФИГУРАНЫҢ МІНСІЗ КӨРІНУІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІсән5.png

Бұл өте ескі миф. Шын мәнінде, көлденең жолақ өте қорқынышты емес. Ұсақ жолақ талдырмаш қыздарға әдемі көрінеді, ал қалың жолақтар қыздардың денесін жақсы көрсете алады.

 

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Генералдың есімін иеленген ағаш
Әлемдегі ең жалғыз ағаш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу