Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Фото Үндістандағы 2017 жыл, 11 тамыздағы апат
Құдай бетін әрі қылсын, күн сайын жер бетінде мыңдаған апаттар орын алады. Тарихта пойыздардың апатқа ұшырау жағдайлары көп тіркелген.
Солардың ішінде ең ірісі 1989 жылы Уфада болған. Қарама-қарсы келіп қалған екі пойыздың соқтығысуының салдарынан 575 адам қаза болып, талайы жараланды. Билік апаттың себебін жасырғысы келгенімен шындық бәрібір су бетіне көп ұзамай қалқып шықты. Екінші қайғылы оқиға Арзамаста темір жол өткелінде үлкен жарылыстың болуы. Әп-сәтте гексогенге толы вагондардың күллі көкке ұшты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық жақын маңдағы 800-дей ауыл тұрғындарының баспаналары қирап қалса, мыңнан көп адам жараланып, тоқсаны көз жұмды. Кейіннен апат орын алған жерге ескерткіш мемориал қойылды. Каменская маңында болған апат 106 адамның өмірін қиып кетсе, Францияда рельстен шығып кеткен жүйрік пойыз бес жүздей жанды о дүниелік етті.
1987 жылы Үндістандағы қайғылы оқиға да адамдарға кесірін тигізбей қоймады. Қатты жел мен тежегіш істен шығып, қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз аударылып түседі. Қираған вагондардың астында бес жүздей адам тіл тартпастан кетті. Бұдан өзге де жолаушыларға зияны тиген апаттарды тізе берсең көп.