Құны 1 миллион еуро тұратын картоп туралы естуіңіз бар ма?
Жеміс-жидек, көкөністер бейнеленген картина, фотолар әдетте сұранысқа соншалықты ие емес және құны да арзан деуге болады. Алайда қиялы ұшқыр жандар қарапайым заттың өзін шедеврге айналдыруы әбден мүмкін. Голливудтың фотографы Кевин Абошты да осындай адамдардың қатарына қосуға болады. Ол кәдімгі картопты суретке түсіріп қыруар ақшаға ие болды. Оның табысының басты себебі картоптың артқы жағына қара түсті реңкті беруі. 1,6 шаршы метр көлемдегі картинаны Кевин бақандай 1 миллион еуроға бағалады.
«Potato#345» деген атау берілген картинаға қызыққандар да аз болмапты. Солардың ішінен еуропалық кәсіпкердің жолы болып, «өлі картопты» сатып алды. Бір қызығы кәсіпкер өзінің аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген. Шарықтаған бағасына қарамастан картинаны сатып алғанына қарағанда ол картопты өте, өте жақсы көретін секілді.