Туберкулез таяқшасы үшін Нобель сыйлығын кім алды?​

Oinet.kz 10-07-2019 1792

Screenshot_5.jpg

Атақты неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы 24 наурызда туберкулез дертін қоздырушы бактерияны анықтады. Кейін бұл қоздырушы бактерия Кох таяқшасы деп атала бастады. Ал 24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні деп белгіленді. Туберкулез бойынша жүргізген зерттеулері үшін 1905 жылы Роберт Кохқа физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы беріледі. 19 ғасырдың басында туберкулез ауруы елге қырғын әкелетін қасіретті ауру болатын. Нобель сыйлығын алу рәсімінде жасаған баяндамасында Роберт Кох: «Күн сәулесі түспейтін лас, қараңғы жертөлелер мен лашықтар бар кезде, туберкулезді жеңу мүмкін емес. Күн сәулесі – туберкулез бациллаларына жоятын  табиғаттың тамаша күші. Менің зерттеулерім адамдардың мүддесіне қызмет етеді, ал  еңбектерім дәрігерлерге адамзаттың қасіреті болып табылатын ауруға қарсы жоспарлы күрес жүргізуге негіз болады деп сенемін» деген болатын. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, жылына 9 миллион адам туберкулез ауруына шалдығып, оның 2 миллионы көз жұмады. Ал Қазақстанда жылына 25 мың адам осы дертке шалдығады. Туберкулезге шалдыққан 1 адамның жылына 10-15 адамның осы ауруды жұқтыруына себеп болатындығын  ескерсек, туберкулездің алдын алу шараларының маңызы зор.

Неге болашақ диктатордың тісі өте ерте шығады?
Құны 1 миллион еуро тұратын картоп туралы естуіңіз бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу